Ероғлу мен Анастасиадис бас қосты

Екі басшы Жоғалған азаматтар комитеті Антропология лабораториясына барды.

69789
Ероғлу мен Анастасиадис бас қосты

Кипр келіссөзі аясында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Дервиш Ероғлу мен Понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис кездесті.


Кипр проблемасының шешілуі аясында жүргізілген келіссөзде екі басшы келіскен тақырыптардың бірі табылмай жүрген азаматтар комитетінің жұмыстарына қолдау беру болатын.


Осы тақырыпта нақты қадам басылды.


Екі басшы Жоғалған азаматтар комитеті Антропология лабораториясына барды.


Аталмыш комитеттің мүшесі Поул Энри Арни басшылардың лабораторияға алғаш рет бірге келгендеріне назар аударды. Табылмай жүрген азаматтардың отбасылары атынан алғыс білдірді.


Арнидің айтуынша, әлі мыңнан астам адамның мүрдесі табылмай отыр. Осыған орай комитеттің бюджетінің де арттырылуы керек.


Антропология лабораториясы 1963 және 1974 жылдар арасында жоғалып кеткен, кейіннен қабірлері табылған адамдардың кім екенін анықтаумен айналысады. Қазірге дейін 396 понти, 125 түрік, барлығы 521 адамның кім екені анықталып, жаназалары отбасыларына табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар