Кипр Бейбітшілік қозғалысына - 40 жыл

Кипр Бейбітшілік қозғалысының 40 жылдығы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тойланып жатыр.

65227
Кипр Бейбітшілік қозғалысына - 40 жыл

 

Алғашқы рәсім таңертең Никосиядағы Ататүрік ескерткіші алдында болды.


Рәсімге Түркия Республикасы президенті Абдуллах Гүл, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Дервиш Ероғлу, Мәжіліс төрайымы Сибел Сибер, премьер-министр Өзкан Йорганжыоғлу, министрлер, депутаттар қатысты.


Түркиядан да вице-премьер Бешир Аталай, депутаттар және саяси партия өкілдері қатысты.


Рәсімде Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылғаннан кейін үнсіз еске алынды.


Президент Гүл осында сөйлеген сөзінде Кипр проблемасының әділ және түбегейлі шешімі үшін кеш қалмау керектігін айтты. «Ауқымды шешім тек аралдағы шындықтармен болады» деген Гүл понтилерге үн қатты. «Понти жағының Кипр түріктерінің шынайы ынтасына игі ниетпен жауап беру үшін қолынан келгенді жасауы керек» деді ол.


Мерекелік іс-шара қаладағы Фазыл Күчүк даңғыл жолындағы шерумен жалғасты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар