Кипр келіссөзі жалғасуда

Кездесуге екі елдің басшылары да қатысып отыр.

120506
Кипр келіссөзі жалғасуда

Кипр мәселесіне түбегейлі шешім табу мақсатымен басталған келіссөз жалғасуда.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Дервиш Ероғлу мен Оңтүстік Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис Кипр келіссөзі аясында бүгін бас қосты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының Кипр арнайы өкілі Лиса Буттенхеймнің бітімгерлігінде аралық аймақтағы кездесуге келіссөз жүргізушілер Кудрет Өзерсай мен Андреас Маврояннис басшылығындағы делегациялар да қатысты.
Кездесуде Еуропа Одағы, азаматтық және сенім арттыратын шаралар тақырыптар қолға алынды. Понти жағы алдыңғы кездесуде жаңа шекара қақпасы ашылуын күн тәртібіне келтірген болатын. Осы тақырыпта қолға алынды.
11 ақпан күні басталған Кипр келіссөзі бес айдан бері жалғасып келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар