Ұйғырлар Түркияда бас қосты

Ұйғыр түркілері Әлемдік ұйғыр жастарының Халықаралық футбол турнирі аясында Кайсериде бас қосты.

97671
Ұйғырлар Түркияда бас қосты

Ұйғыр түркілері Әлемдік ұйғыр жастарының Халықаралық футбол турнирі аясында Кайсериде бас қосты.
Футбол турниріне 9 елден келген ұйғырлар көңіл көтерді.
Ұйғыр Мәдениет және ұйымшылдық қоғамының төрағасы Сеит Түмтүрік Қытайдағы қысымнан Түркияға қашқан ұйғырлар көп тұратын Кайсери қаласында Ұйғыр жастары арасындағы халықаралық футбол турнирінің екіншісін ұйымдастырып отырғандарына қуанышты екенін айтты.
Түмтүрік «9 елден келген ұйғыр жастары Түркияда тұратын қандастарымен табысты. Бұл іс-шара бірлік, туыстық және бауырластық санасының артуына септігін тигізеді. Отандарынан алыста өмір сүруге мәжбүр болған ұйғырлар қиыншылықтарға қарамастан мәдениеті, ұлттық құндылықтары мен тілдерін сақтап қалу үшін тырысады.» деді.
Футбол сайысының мақсаты – әлемнің түрлі елдеріне бытыраған қандастардың өздерін жақсы сезінуі.
Баяндамалардың артынан Қазақстаннан келген ұйғыр музыка тобы өз өнерін көрсетті. Ұлттық би биленді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар