Шейх Назым қайтыс болды
Назым Кыбрыси 17 сәуірден бері ауруханада жатқан еді.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Шейх Назым деген атпен танымал Назым Кыбрыси қайтыс болды.
Назым Кыбрыси 17 сәуірден бері ауруханада жатқан еді.
Жағдайы ауырлағаннан кейін үш күн бұрын басқа ауруханаға көшірілген болатын.
Кыбрысидің қайтыс болғанын естіген жақындары мен достары ауруханаға келді. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Өзкан Йорганжыоғлу да көңіл білдіру үшін ауруханаға келді.
Түркияның Никосия өкілетті елшісі Халил Ибрахим Акча да ауруханаға келгендер арасында болатын.
Кыбрысидің жаназасы Никосия Селимие мешітінде екінді намазынан кейін соңғы сапарына шығарып салынды. Жаназа намазына СКТР президенті Дервиш Ероғлу, премьер-министр Өзкан Йорганжыоғлумен бірге министрлер және көптеген азаматтар қатысты.
Назым Кыбрыси Лефкеге жерленді.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиевке алғыс айтты
СКТР президенті Ерсін Татар епрезиденті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Иракта түрікмен тайпасының басшысы Хусейн Аллуш өлтірілді
Ирактағы түрікмен тайпа басшысы Хусейн Аллуш террор шабуылында өлтірілді.