«Бракана десерті»

«Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері» - 21

2144838
«Бракана десерті»

«Бракана десерті»

Тіркелген уақыты: 13.11.2023

Түркияның Болгария шекарасында орналасқан Кыркларели қаласының Бабески ауданында өндірілген «Бракана десерті» Бүйүкмандыра қолөнер және табиғи тіршілік қауымдастығының өтініші бойынша 2023 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Бракана десерті бидай ұны, сүт, жұмыртқа, маргарин және сұйық май қосылған шербетті десерттің пішіні жарты шар тәрізді, ортасы аздап қуыс  болады. Тарихы 1877 жылы өңірге қоныстанған Помак ауылы тұрғындарына негізделген десерттің жасалуында ең таңғаларлық ерекшелігі - жұмыртқаның қамыр салқындаған кезде қосылуы. Тәтті дайындағанда алдымен май және сүт бір қазанның ішіне қайнатылады, ұн құйылған соң пешті өшіріп, салқындауға қалдырады. Салқындаған қоспаға 2 бүтін жұмыртқа мен 2 жұмыртқаның тек сарысы қосылады. Қамырдың салқын болуы және жұмыртқаны пісірмеуіне әсіресе назар аударылады. Наубайшы ұнтағы және ас содасын қосқаннан кейін қамыр ұсақ бөліктерге бөлініп, домалатып, ортасынан саусақпен басып, сәл ойық жасайды.

Десерт бөліктері науаға салынып, 180 градус Цельсийде пеште қызғылт түске келгенше пісіріледі. Бірінші шербет қамыр сәл қызғылт түс алғанда құйылады және десерттің үстіңгі жағы сәл қоңыр түске айналғанша тағы 5-6 минут пісіріледі. Шербеттің екінші жартысы пештен шығарылған тәттілердің үстіне құйылады. Басқа науаны десерт науасы үстіне төңкеріп, тұндыру үшін қалдырады. «Бракана десерті» салқындағаннан кейін беріледі. 



Ұқсас жаңалықтар