«Ардахан балы»

«Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері» - 19

2138849
«Ардахан балы»

«Ардахан балы»

Тіркелу уақыты: 01.06.2017  

Түркияның Шығыс Анадолы аймағында орналасқан және 3 мың 200 метрлік биіктікке жететін жайылымдарымен еліміздің маңызды мал шаруашылығы орталықтарының бірі Ардахан қаласы бал өндірісімен де ерекшеленеді. Аймақтың бай гүл түрлерінен қоректенетін «Кавказ аралары» өндірген «Ардахан балы» Ардахан ара шаруашылығы қауымдастығының өтініші бойынша 2017 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына енді. Сырты мөлдір, жылтыр көрініске ие, маусымның құрғақ немесе жауынды болуымен байланысты ашық немесе қою янтарь түстегі «Ардахан балының» құрамы химиялық қоспасы болмаған, суарусыз кең аумақтарда өсетін және мыңнан астам түрі бар гүлдердің өзегінен тұрады. Ардахан қаласында бал өндіретін ара өндірушілер «Кавказ арасы» нәсілін қорғау мақсатында қаланың Ауыл шаруашылығы қалалық басқармасы тарапынан жиі тексеріліп, бал өндірісін белгілі бір деңгейде ұсталады. Ұяларда маусым айында басталған бал өндірісі шілде айының соңында шарықтау шегіне жетеді, ал тамызда өнім жиналады. Тәжірибелі ара өндірушілер балды тым ерте жинамауға ерекше мән береді, әйтпесе бал қысқа уақытта кристалданады. Жинаған соң гүл балы ұяшықтар арқылы сүзіледі және хром болаттан жасалған цистерналарға толтырылады. Оны кейін демалуға қалдырылады. Демалдырудың мақсаты - тозаң түйірлерінің шөгуін қамтамасыз ету және ауа көпіршіктерін жою. Демалғаннан кейін мөлдір, таза және жарқын көрініске ие болған аймақта өсетін гүлдердің хош иісті дәмін алған «Ардахан балы» банкаларға құйылып, тұтынуға ұсынылады. 



Ұқсас жаңалықтар