Орталық Азия республикаларындағы соңғы маңызды жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі –21

2143846
Орталық Азия республикаларындағы соңғы маңызды жаңалықтар

2024 жылы 13 мамырда Самарқанд қаласында Азия әйелдерінің форумы өтті. Өзбекстан Сенатының төрайымы Танзила Нарбаеваның ұйымдастыруымен өткізілген форумға 100 жоғары лауазымды әйел басшы қатысты. Форум соңында Самарқанд декларациясы қабылданды.

***

Қытай Халық Республикасы премьер-министрінің орынбасары Лю Гочжун өткен аптада Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанға ресми сапармен барды. Лю Гочжунды 2024 жылғы 13 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, 2024 жылғы 16 мамырда Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев және 18 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады. Лю Гочжунның сапары барысында экономикалық мәселелер талқыланды.

***

Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим өткен аптада Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанға ресми сапармен барды. 2024 жылдың 15 мамырында Ануар Ибрагим Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесулерден кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды көздейтін бірлескен декларацияға қол қойылды.

***

2024 жылғы 16 мамырда Астанада Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаевпен жеке және делегация аралық кездесулер өткізді. 17 мамырда Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимнің қатысуымен Қазақстан-Малайзия инвестициялық жиналысы  өтті. Жиналыста екі ел арасында 350 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды. Малайзия премьер-министрін әуежайдан Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өзі шығарып салды.

***

2024 жылы 17 мамырда Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. 18 мамырда Самарқандта Өзбекстан-Малайзия бизнес форумы өтті.

***

 

2024 жылдың 16 мамырында Түрікменстан Ұлттық Кеңесінің Мәслихат төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов Татарстанға жұмыс сапарымен барды. Бердімұхамедов Қазанда Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстанның бұрынғы президенті Минтемир Шаймиевпен кездесті. Құрбанқұлы Бердімұхамедов «Ресей-Ислам әлемі: Қазан форумы 2024» 15-ші халықаралық экономикалық форумына құрметті қонақ ретінде қатысып, «Russia Halal Expo» жәрмеңкесін тамашалады. Форумға 80-нен астам елден өкілдер қатысты.

***  

2024 жылғы 16 мамырда Қазақстанда Орталық Азия елдері Ұлттық қауіпсіздік кеңестері Бас хатшыларының бірінші кеңесі өтті. Жиында лаңкестікпен күрес, трансшекаралық суларды пайдалану, көлік және энергетика сынды мәселелер талқыланды. Кездесуге келген қонақтарды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Президент Тоқаев биыл аймақ елдерін бір-біріне жақындататын «Орталық Азия-2040» құжатын қабылдауды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

***

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И 2024 жылғы 17-18 мамырда Тәжікстанға ресми сапармен барды. Министр Ван И тәжік әріптесі Сирожиддин Мухриддинмен және президент Эмомали Рахманмен кездесулер өткізді.



Ұқсас жаңалықтар