Хулуси Акар Орталық Азия елдеріне сапарлай барды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Пәкістан, Қазақстан және Өзбекстанға ресми сапармен барды.

1521961
Хулуси Акар Орталық Азия елдеріне сапарлай барды

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрінің Орталық Азия Республикаларына жасаған сапарына тоқталамыз.

Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2020 жылы 25-28 қазанда Пәкістан, Қазақстан және Өзбекстанға ресми сапармен барды. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 26 қазанда Пәкістаннан Қазақстанға өтті. Қазақстанда әріптесі Нұрлан Ермекбаев тарапынан әскери рәсіммен күтіп алынған Акар Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовпен кездесті. Кездесулерде екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер талқыланды. Ескере кетейік, Түркия мен Қазақстан 2018 жылы әскери ынтымақтастық келісімін жасасты. Екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстар 1990 жылдардың басынан бері жалғасып келеді.

27 қазанда Хулуси Акар Өзбекстанға барды. Акар Ташкентте әріптесі Бахадыр Құрбанов тарапынан ресми рәсіммен күтіп алынды, екі жақтылы және делегациялар арасындағы кездесулерден кейін Түркия мен Өзбекстан Қорғаныс министрліктері арасында Әскери Қаржы ынтымақтастығы мен қаржылай жәрдем атқару хаттамасына қол қойылды. Акар Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесінің Бас хатшысы Виктор Махмудовпен бас қосты. Сапар соңында Хулуси Акар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев тарапынан қабылданды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қарабах дағдарысы жалғасып жатқанда жасаған сапары өте маңызды. Өткен жылы Өзбекстан Қорғаныс министрі Құрбанов, Қазақстан Қорғаныс министрі Ермекбаевпен кездесуінде елдерінің әуе қорғанысын Түркиямен бірге ортақ жандандыруды ұсыныс еткен болатын. Осы тұрғыдан Түркия өндірген ұшақ соғарлар, адамсыз әуе көліктері және қарулы адамсыз әуе көліктерін Орталық Азия Республикаларының сатып алуы да маңызды болмақ.

Түркияның әскери тәжірибесі, күші және технологиясы жағынан шығыстағы бауырластарымызбен бөлісетін көптеген ерекшелігі бар көрінеді. Әскери білім беру, мәлімет пен хабарларды бөлісу, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты бекемдеу, жаңа түрдегі қарулармен қамдау, кибер қауіпсіздік сияқты салаларда ынтымақтастық жасау әбзал болмақ. Сол себепті осы бағыттағы ынтымақтастық баршаға пайдалы.

2019 жылы 22-27 сәуірде Өзбекстанда Түркия мен Пәкістан әскерлерінің қатысуымен «Ортақтық Қалқаны-2019» әскери жаттығуы ұйымдастырылды. Жаттығуды жалғастыру жоспарланған болатын. Акардың сапарына Пәкістаннан бастауы осы тұрғыдан маңызды.

Сонымен бірге, Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің Шангай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге сапары Анкараның көп салалы сыртқы саясатына да үйлеседі.

Түркияның Орталық Азия Республикаларымен әскери-техникалық қарым-қатынастары жоғары өреде. Мұны стратегиялық өреге көтерудің уақыты келді. Түркияның Орта Шығыс, Африка және Кавказдан кейін Орталық Азия елдерімен қорғаныс ынтымақтастығын жоғары дәрежеге жеткізу тілегі Анкараның аймақтағы салмағын арттыру, одақтастарымен ынтымақтастығын күшейтуі бауырластық қолын созуы үшін де маңызды болып табылады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 



Ұқсас жаңалықтар