Меле Ахмед әл-Боти әл-Джизири

Анатолының дана - ғұламалары 29

1015696
Меле Ахмед әл-Боти әл-Джизири

Көңіл кейде жаңбыр күткен бір бақ сияқты солады. Гүлдер кеуіп, топырағы тамырланып, жарылады. Міне, сол кезде жан суын (құтқарушысын) күтеді. Тамшылап жаусын, сусыздығын қандырсын, деп.

Көңілдердің жан суы да дәруіштердің сөздері. Жаңбырдай жауады көңіл топырағына. Бір тамшының өзіне мұқтаж кезде бізді бір теңіз сияқты құшақтайды.

Көңіл топырағына береке тамшылары түсірген дана - ғұламалар жайлы әңгімеміз жалғасады.

Бүгін жан суын махаббат сөздерімен таратқан бір дана жайлы баяндаймыз. Белгілі неміс ақыны Гете «махаббатты одан үйрендім» деп мақтаған Меле Ахмед-и Джизириді таныстырамыз.

Меле Ахмед әл-Боти әл-Джизири 1567 жылы Джизреде дүниеге келді. Балалық кезеңде алғашқы хатты әкесінен таныды. Кейін Диярбакыр және Имадийе сияқты орталықтарда білімін жалғастырып, 30 жасқа келгенде діни ғылымдар саласында маман болып шықты.

Алдымен Диярбакырда кейін Хасанкейфте сабақ берген Меле Ахмед ақыры Джизреге қайтып келеді және өлгенше осында сабақ береді.

Әсіресе Мелайе Джизири атымен даңқы шықты. Меле – елдің шығысында дін қызметкерлеріне берілген атау. Мелайе Джизири де джизрелік Меле яғни дін ұстазы деген мағынаға келеді.

Джизири әсіресе жазған өлеңдерімен өз дәуірінен асып, бүгінге дейін өшпейтін бір шыраққа айналды. Бір ақын, философ, сопылық ұстазы және дінтанушы ретінде тарихқа атын қалдырды.

Меле Ахмед шығыс ғылымымен бүтіндескен ғалымдардың бірі болып табылады. Діни ғылымдардан басқа математика, физика, астрономия, тарих және эстетика сияқты салаларға да бағытталған. Шығармаларында Ибн-и Сина, Хафыз-ы Ширази және Халладж-ы Мансур сияқты ұлы ұстаздардың іздері кездеседі. Бай жинағы мен қабілет; біріккенде, шынында да керемет көрінеді.

Түрік, күрт, араб және парсы тілдерін жетік білген Мелайе Джизридің күрт тілде жазған диваны танымал және көптеген әлем тіліне аударылған. Оны ғасырлардың арғы жағына апарған да – осы шығармада көрініс тапқан ақыл-парасаты.

 «Жүздеген дана мен ұстазға сұрама бекер,

Сен Меледен сұра, түсіндірер саған махаббаттың сырын».

«Махаббаттың пірі» деп те аталған Мелайе Джизири – махаббат сөздерінің ұстасы. Шығыс пен оңтүстіктегі шаңырақтарда жүздеген жылдар бойы ерлі-зайыптылар бір-біріне онын өлеңдерін оқыды. Өйткені ол махаббаттың ең көтеріңкі дауыстарының бірі болатын.

Махаббаттың пірі, лұғаты және өлеңі еді.

Бұл тақырыптағы қабілеті соншама, даңқы жаһанға тараған болатын. Немістердің күдіксіз ең ұлы жазушыларының бірі Гете оның тән өлең жолдарын оқып әсер алған. Ол былай дейді:

«Әй, Джизири!Ақыры жолды бастап, махаббаттың сырларын аштың.

Сенің арқаңда ғашықтар қайта қосылды.

Бұл сырларды ашуға басқа кімнің күші жететін еді?»

Тура және әсем сөздер шекара танымайды. Батыстық немесе шығыстық екенінің айырмасы жоқ. Бір сөз шынайы болса барлық адамзаттың жүрегін жаулап алады.

Анатолы дана – ғұламалары айтқан бір сөзімен, бір өлеңімен көңілден көңілге көпір салуда қабілетті.

Міне Джизиридің өлең жолдары ортада... Оны талай шақырым алыстағы Гетенің өзі үлкен құрметпен сыйлап, «ұстазы» ретінде қабылдаған.

Меленің өлеңдері – киелі махаббаттың бораны. Әр жолында махаббат самалы еседі. Оның жалғыз мұраты – сүйіктіге жету. Сүйікті дегені, күдіксіз тек қана құдай ғой.

Кейде әзірет Ибраһимдей отқа түседі, кейде әзірет Якуб сияқты Юсуфты аңсап ериді. Бірақ қандай қиыншылыққа тап болса да, киелі махаббаттың артынан жүгіруден бас тартпайды.

Мелайе Джизиридің өмірін Мәуланаға ұқсатқан көптеген адам бар. Өйткені ол да дәл Мәулана сияқты жарқын бір ғұлама болып табылатын және көңіліне махаббат алауы түспей тұрғанда дәстүршіл бір түсінігі бар еді. Қашан махаббаттың жалынды отына түседі, сол кезде Мәулана сияқты киелі сырларға апаратын есікті ашады. Мәулана ескі досы Шемстің артынан өзін тапса, Мелайе Джизири үшін бұл тұлға Хасанкейф биінің қызы Селма болатын.

Оны танығанға дейін дәстүрдің шегінен шықпаған Меле махаббаттың самалымен мүлдем басқа біріне айналады. Бұл жанама сезім уақыт өткен сайын киелі бір деңгейге көтеріліп, Меле Ахмедге теңдесі жоқ өлеңдер жазғызады.

Меле өлеңдерінде сүйіктісінің қасы, көзі, ұзын бойы жайлы жазған. Сұлулығын түсіндіріп, онымен мас болады. Оқығандар «бұл үлкен кісінің көңілі бір қызға ауған, жанама махаббатпен әуреленіп жүр» деп ойлайды. Дегенмен өлеңдерінде айтып отырған махаббаты киелі махаббаттан басқасы емес. Сүйіктіге тән ерекшеліктер болса, тек ғана символ болып табылады.

Джизири сияқты сопылық ұстаздары көптеген хикметтерді символдар арқылы түсіндіреді. Өйткені символ тілі адамзаттың ең көне тілі ретінде жүректер мен ақылдарға қол жеткізуде күшті әсер етеді. Яғни, Меленің «шарап» деп отырған киелі махаббаты, «таверна» дегені дос мәжілісін, «Саки» дегені де дәруіштер болып табылады. Мұны қате түсінбеу керек.

«Махаббат жолы» деп аталған бір жол болғанда, ақыл осы жолда жетекшілік жасай алмас еді. Бағыт беретін темірқазық әрқашан жүрегімізде...

Мелайе Джизириге қарағанда ақыл көрген әр нәрсені тінтіп отырады. Көптеген сұраққа жауап та табады. Әйтеуір өкінішке орай оның да тоқтап қалатын бір жері табылады. Міне, сол кезде сол жерде махаббат іске қосылады. Табиғаттағы киелі бірлікті сезіну және тәңірге махаббатпен жақындау бізді ақылдың шектеуінен құтқарады.

Адамзат баласы миын жеп отырған сұрақтардан мұнымен құтыла салады. Күдік бұлттарын онымен тарқата алады. Шығыс пен батыстың барлық ақпараттық жиынтығы құтылудың жолы ретінде мұны көрсетеді. Мелеге қарағанда махаббат тіршіліктің негізгі элементтерінің бірі. Су, от, ауа және топыраққа қоса оларды біріктіретін бесінші элемент болып табылады. Бұлардың бәрі жойылғанда да махаббат мәңгілікті адаммен тұрады.

Ешнәрсе жаралмай тұрғанда махаббат болған еді, қазір де бар. Ғарыштың энергиясы одан құралған.

Махаббат дүниені түрлендіреді. Анатолы дана – ғұламалары да кітаптарында бұл түрленуді түсіндіреді. Міне, Мелайе Джизри де махаббаттың әр түрлісін білген және өлеңге түсірген даналардың бірі.

Ол махаббаттың шыңында қорықпай қанат қаққан бір бүркіт болып табылады. Қорықпайды және былай дейді;

«Ақыры махаббатым қорғайды мені,

 Ибраһимді күйдірмеген жалын енді мені де күйдірмес».



Ұқсас жаңалықтар