Күн тәртібі - 20

Орташығыста Түркия және әлем бұқаралық пікірімен тікелей байланысты екі маңызды оқиға болды.

974589
Күн тәртібі - 20

Орташығыста Түркия және әлем бұқаралық пікірімен тікелей байланысты екі маңызды оқиға болды. Біріншісі АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруі және  Израиль  әскерлерінің Газада қарусыз палестиналықтарды қырғындауы, сондай-ақ осы қырғындауда 60 палестиналықтың шейіт етілуі және 2770 адамның жарақат алуы еді. Екіншісі болса Ирактағы сайлау.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруі жайлы мәлімдемесіне көптеген ел наразылық көрсетті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бес мүшенің басым көпшілігі  АҚШ-тың өкілетті елшілігін көшіру шешіміне қарсы жоба қаңқасын  қабылдаса,  АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қарсы дауыс беріп, жобаның өтуіне кедергі жасады. Екінші сатыда БҰҰ жалпы кеңесіне әкелінген жоба барша әлемнің басым көп санды елі тарапынан қабылданды. Бірақ БҰҰ жалпы кеңесі шешіміне бағыныштылығы болмағаны себепті АҚШ-ты тосатын бір шара жасалмады. Солай болса да барша әлемнің АҚШ шешіміне қарсы екені белгілі болды. Түркияның жедел жиналуы үндеуіне орай бас қосқан Ислам ынтымақтастық ұйымы да Трамптың шешімін айыптады және барша әлемге үндеу тастады. Барша әлемнің негізінен барлығының тұғыры АҚШ-тың әрекетіне қарсы еш нәрсе істей алмауы әслінде президент Режеп Тайып Ердоғанның «Әлем бес елден үлкен» деген сөзінің қаншама дұрыс екенін дәлелдеді.

Осы оқиғадан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп шешімнен бас тартпады. Керісінше Иерусалимнің еврейлердің астанасы болатыны жөніндегі бекімдігін тіпті айқын түрде көрсетті. Мысалы Дональд Трамптың кабинетінде евангелисттер бар. Дональд Трамптың өкілетті елшіліктің ашылуы рәсіміне жіберілген монах болса, ұшқары евангелист сенімімен танылуда. Өткен күндерде Иерусалимдегі өкілетті елшілігі Дональд Трамптың қызы және күйеу  баласы тарапынан ашылды. Осы кезде палестиналықтар бейбіт ереуілдер ұйымдастырды. Газа аймағындағы палестиналықтар да Израиль шекарасы маңында бейбіт шерулер жасады. Газадағы палестиналықтардың ереуілдеріне қарсы Израиль әскерлері шексіз күш қолданды. Шексіз күш қолдану салдарынан 60 палестиналық шейіт етілді және 2770 адам жарақат алды.

Палестиналық халық шейіт етілген және палестиналықтарға оқ атылған кезде, Иерусалимде АҚШ президенті Трамптың қызы мен күйеу баласы үлкен құттықтауға қатысып, той тойлаумен қуанышқа бөленіп жатқан еді. Израильдың істеген қылмыстарын дәлелдеген жүздеген видео мен көріністерге қарамастан, АҚШ әкімшілігінің Хамасты айыптауы әслінде АҚШ әкімшілігінің Израиль тақырыбындағы тоң мойындығын көрсетуде. АҚШ әкімшілігінің мұндай тұғырларының басты себептерінің бірі Араб елдерінің палестиналықтардың құқықтарын қорғаудың орнына өз тақтарын сақтау үшін АҚШ президенті Дональд Трампты ашық-жарқын қолдауынан туындауда. Мысалы әлем бойынша палестиналықтардың құқықтарын қорғау үшін ең үлкен күресті Түркия жүргізуде. Палестиналықтардың шейіт етілуіне орай 3 күн аза жариялаған Түркия сонымен қатар парламенттен Израильді айыптаған ортақ бір хаттама да жариялады. Сонымен қатар АҚШ және Израиль өкілетті елшілерін министрлікке шақырды және Түркиядағы Израиль өкілетті елшісінің еліне қайтуын талап етті .

Тағы бір маңызды тақырып болса  Ирактағы жалпы сайлау еді. ДАИШ-пен күресу болып жатқан және  Мосул, Фелусе және Анбар сынды қалалар қақтығыстарда күйретілген кезде, сондай-ақ Солтүстік Ирак аймақтық әкімшіліктің тәуелсіздігі референдумынан кейін және Ирак орталық үкіметтің Керкук пен Синжар сынды көптеген аймақтарды бақылау астына алғаннан кейін Иракта сайлау өтуі өте маңызды. Сайлауға қатысушылар 44 пайыздық төмен деңгейде ғана қалды.

Ирак сайлауында Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадидің тізімі, Ирак бұрынғы премьер-министрі Нури әл-Маликидің тізімі, шиіт лидері Муктеда ес-Садрдің тізімі және Хашди Шабри топтарының өкілі Фетихтің тізімі алдыңғы қатардағы үміткерлер еді. Сонымен қатар суннит лидері Усаме ен-Нужейфидің Шешім коалициясы және шиіт лидерінен Аммер әл-Хекимнің лидерлігіндегі Хикмет коалициясы маңызды үміткерлер қатарында орын алды.

Сайлаудан кейін Ирак ішкі саясатында Иранның күші және ықпалының азаюы күтілуде. Мысалы Ирак бұрынғы премьер-министрі Нури әл-Маликидің тізімі және Хашди Шаби топтарының өкілі Фетихтің тізімдерінің үкіметте орын алуын қаламады. Алайда  енді бір жағынан Иранның Ирактағы ықпал көлемі саясат жағынан азайғанның өзінде әскери тұрғыдан алғанда Иран Ирактың ішкі саясатында маңызды бір актер болуды жалғастырады. Әсіресе Ирак мемлекеті ішінде Ирак армиясымен қатар екінші бір қару күші болған Хашди Шаби топтарының Иран тарапынан тікелей бақылау астына алуы Ирак үкіметі алдындағы ең үлкен кедергі болуы мүмкін.

Ирак сайлауының қорытындысы Америка Құрама Штаттары және Сауд Арабиясының Иранды Орташығыста шектеу саясаты тұрғысынан қаралғанда бірқатар табысқа қол жеткізгенін айтуға болады. Мысалы шиіт лидері Муктеда ес-Садр бұдан бұрынғы жылдарда АҚШ-қа қарсы қарулы топтарды басқарған. Ал қазір әрі АҚШ, әрі Сауд Арабиясымен көрініс жағынан тіпті қарым-қатынас жасауда. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади АҚШ тарапынан ДАИШ-тің Мосулды жаулап алуынан кейін мемлекет әкімшілігіне әкелген болатын. Соңғы кездерде болса Сауд Арабиясына сапарлай барған Абади Иранның Ирактағы ықпалын азайту үшін Сауд Арабиясы және АҚШ-пен бірге әрекет жасауға дайын.

Ирак сайлауы Түркия тұрғысынан бірқатар тиімді жағының болуымен қатар террормен күресу аясында ерекше бір орны бар. Мысалы Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде PKK террор ұйымына қарсы жүргізген әскери операциялардың Ирак сайлауынан кейін тіпті кеңеюі күтілуде.  Ирак орталық үкіметінің қолдауымен Ирак шекаралары ішіндегі PKK террор ұйымының мүшелеріне қарсы кең көлемді бір операцияның Ирак-Түркия қарым-қатынастары тұрғысынан алғанда өте маңызды бір жаңалық болады. PKK террор ұйымының Түркия шекаралары ішіндегі әрекеттерін азайтуда қамдаған Түрік Қарулы Күштері сонымен қатар Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операциясында көрсеткен табандылықты жалғастыруды жоспарлауда.



Ұқсас жаңалықтар