Рамазан айы «үш айлар» деп аталған мүбәрак айлардың нәтижесі болып табылады.

Дін және ахлақ – 33

796700
Рамазан айы «үш айлар» деп аталған мүбәрак айлардың нәтижесі болып табылады.

 

Рамазан айы «үш айлар» деп аталған мүбәрак айлардың нәтижесі болып табылады. Осы айдың ең айқын ерекшелігі парыз болған ораза ғибадатының жүзеге асырылуы. Ораза ұстау, ежелгі дәуірден бері білінген бір ғибадат түрі. Исламда болса хижратың екінші жылында Мұсылмандарға Рамазан айында ораза ұстауды парыз қылған. Белгілі шарттарға ие адамдардың Рамазан айында ораза ұстауы парыз. Бақара сүресі 183-185 аяттарында Рамазан айы мен ораза ғибадатымен байланысты түсініктемелер жасалған: «Әй мүміндер! Сендерге және  бұрынғыларға парыз қылынды. Әрине Аллаға жауапкерліктеріңді түсінесіңдер. Ораза сендерге санаулы күндер ретінде жазылды. Сендерден кімде-кім ауру немесе жолаушы болса, онда басқа күндерде төленеді. Ораза ұстауға қиналатындар бір кедейдің қарны тоятындай тамақ ақысын төлесін. Бұдан тыс кімде-кім ынтасымен қайыр қылса, онда өзіне жақсы. Ораза ұстаудың сендер үшін өте қайырлы болғанын білулерің керек. Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және ақ пен қараны айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Ондай болса, рамазан айында ораза ұстаңдар. Ал біреу науқас немесе сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын.  Алла сендерге оңайлық қалайды, қиыншылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар.» Енді осы аяттарда аталған жағдайларды бөлек бөлек қолға алайық.

Рамазан оразасы парыз қылынған бір ғибадат. Мұның белгілі бір уақыты бар. Рамазан айына жеткен және шартына үйлескен әрбір мұсылманның ораза ұстауы парыз. Үнемі немесе уақытша бір науқасы барлар ораза ұстауға мәжбүр емес. Белгілі уақытта тамақтануы және емделуіне көңіл бөлуі керек болғандар, медицинаның ескертуі бойынша ораза ұстауды жөн көрмеген аурулар үшін бір ұсыныс ұсынылған.  Бұл ұсыныс-фідие. Фідие ораза ұстай алмаған әр бір күн үшін орындалуға тиісті бір жауапкерлік болып табалады. Мұқтаж болған бір Мұсылманның Рамазан айы бойынша қарнын тойдыру қажеттілігін қамтамасыз етуін білдіруде. Бұл қажеттіліктің қалай қамтамасыз етілуі қауымның мәдениеті және экономикалық шарт-жағдайына қарай өзгеруі мүмкін. Кейде діни қызметкерлермен байланысты ресми органдар фідие үшін әр Рамазан айында белгілі бір өлшем белгілейді. Белгіленген өлшемнің көбі ең төменгі деңгейдегі бір өлшем. Мұның тіпті көбін жүзеге асыру адамның өз мүмкіншіліктеріне және ең маңыздысы адамдардың адамдық қасиеттеріне байланысты. Аталмыш аяттарда өлшем ретінде белгіленгендерден тыс өз еркімен жасалған қайырымдылықтардың Алла құзырында өте маңызды болғаны айқын түрде белгіленген. Сонымен қатар ауру салдарынан ораза ұстай алмағандар және кедейшілік кесірінен фідиесін бере алмағандардың жағдайы да Алла тарапынан көрілуде. Аят бойынша үнемі науқас болмаса да, сол кезде науқас болғандар және емделіп жатқандардың ораза ұстамауы жөнінде рұқсат берілген. Бұл адам да Рамазан айы бойынша ұстай алмаған оразалардың орнына кейінгі уақыттарда ниет ете отырып ораза ұстайды, содай-ақ қарызын төлейді. Емделіп жазылған адамдар үшін фідиені төлеу емес, ұстай алмаған ораза санындай ораза ұстауды насихаттаған. Баршаға аян, ауру маңызды бір сылтау. Дін адам денесінің сау болуын тілейді. Ғибадаттарды орындау үшін денсаулықтың жақсы болуы керек. Сондықтан медицинаның рұқсат бермеуіне қарамастан ғибадаттарды жүзеге асыру үшін денсаулығын қауіп-қатерге апарып соғуды дін жақсы көрмейді. Аяттың жалғасында жол сапарына шыққан бір кісінің ораза ұстамауына болады. Яғни жолаушылардың ораза ұстамауына рұқсат берілген. Өйткені дін оңайластырады, қиындастырмайды. Жолаушы болғандар кейін ораза ұстап, қарыздарын төлейді.

Оразаға байланысты басқа бір аят та Бақара сүресінің 187-ші аяты. Бұл аятта тағы да ораза ұстаған кезде абайлауға тиісті әрекеттерді көрсеткен: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңмен жыныстық қатынаста болу халал етілді. Өйткені бір-біріңді қорғауда олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер...Және таңнан, қара жіптен ақ жіп(қараңғылықтан сәуле) айырылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық орындаңдар. Мешіттерде (ғибадат етіп ) иғтикафта болған кеште әйелдеріңе жыныстық жақтан жақындаспаңдар. Бұлар Алланың шегі, оған жақындамаңдар. Міне Алла, сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баян етеді.»

Аятта белгілегендей ораза тек ішіп-жеуден аулақ тұру ғана емес. Ораза ұсталғанда жыныстық қатынасқа да  тиым салған. Алайда ауыз ашқан соң еркін. Осы аятта ораза кезіне тән басқа бірқатар түсініктерді де баяндаған. Бұлардың бірі де пайғамбарамыздың өте көңіл бөлген «сахур», яғни сәресі түсінігі. «Сахур» түнгі ас деген мағынаны білдіреді. Сәресі мезгілінде ас ішу әрі денсаулығымызды қорғау, әрі пайғамбарымыздың сүннетін орындау тұрғысынан өте маңызды. Пайғамбарымыз «сәресіде тұрыңдар, сәресіде берекет бар» деп бұйырған. Бұл әрі түннің өзіне тән берекетінен пайдалану, әрі күн бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңу үшін қажетті болып саналады. Рамазан айы әрі күндіз, әрі түнде ғибадат ету үшін маңызды орай жаратады. Пайғамбарымыз «Кімде-кім шын жүректен сеніп және сауабын Алладан күте отырып оразасын ұстаса, түнгі уақыттарын ғибадат ету арқылы өткізсе, онда оның күнәлары кешіріледі. Кімде-кім сеніп және сауабын Алладан күте отырып, Кадір түнін өткізетін болса, оның күнәлары кешіріледі» деп бұйырып, бұл жағдайды түсіндіреді. Жоғарыдағы аяттың соңғы сөйлемінде болса «иғтикаф» деп бір ғибадаттан сөз қозғаған. Иғтикәфтың сөздіктегі мағынасы: «Бір істі жалғастыру, бір жерге оңашалану, жеке орынға барып арнайы іспен шұғылдану» дегенді білдіреді. Шариғат  мағынасы болса, Алланың разылығын мақсат етіп жақсы әдеп, ереже және қағидаларға бағына отырып мешітке барып бір мерзім сонда болу.

«Иғтикаф» деп Рамазан айында бірнеше күн мешіттен шықпай, тек құлшылықпен ғана айналысуды және барлық ынтамен мешітте отыруды айтады. Иғтикафта отырудың ең аз мөлшері он күн. Иғтикафта болған адам мешітте ішіп-жейді, ұйықтайды және дем алады. Алайда тек дәреті қыстағанда ғана сыртқа шығуға болады. Иғтикаф-пайғамбарамыздың әрекеттерінің бірі. Иғтикаф адамның оңаша жалғыз өзі өткізген ғибадатпен қатар нәпсіне тиым салу тұрғысынан да маңызды. Осы уақыт барысында өткен күндерін көзден өткізгендіктен тәубаға тіпті жақындаған бір жағдайда болады. Осылайша өздігінен бір тазалану мезгіліне кіреді. Сонымен қатар әр түрлі у-шудан және күнәлардан да аулақ болады. Пайғамбарымыз «Иғтикафта отырғанда күнәлардан аулақ болады, әрі жақсылықты істегендей сауапқа жетеді» деп бұйырып бұл жағдайды түсіндірген.

Баршаға аян Рамазан айы әр түрлі ғибадаттан ләззат ала отырып өткізуге тиісті берекетті бір ай болып табылады.

 



Ұқсас жаңалықтар