Түркі әлемінің ақсақалы – Нұрсұлтан Назарбаев

Түркия және Еуразия тынысы 26

763337
Түркі әлемінің ақсақалы – Нұрсұлтан Назарбаев

Трамп әкімшілігінің Еуразия саясаттары мен аймаққа ықпалы.

Түркия мен түркітілдес республикалар орталығында орын алған Еуразия жағрапиясы көптеген жаһандық күш бірдей уақытта назар аударған жағрапиялардың бірі. Алдағы уақытта да Еуразия маңызды бір жаһандық күш күресіне айналатын майдандардың бірі болмақ. Бұл аяда 2017 жылы басында АҚШ-та міндетке келген Дональд Трамп әкімшілігінің АҚШ және Еуразия саясатына ықпалының не болатыны белгісіз. Бұл апта Вашингтондағы жаңа биліктің Еуразия тұрғысынан маңызын талқыламақпыз.

Еуразияның жүрегінде орын алған түркітілдес республикалар мен Түркия бір жақтан аймақтарында бетпе-бет қалған үлкен күштер арасындағы теңдікті күзетсе, басқа жақтан шекарадан тыс мүдделерін қорғауды жеңілдететін стратегияларға мұқтаж. Бұл себепті тек қана айналасындағы жаңалықтарға ғана емес, жаһандық актерлердің динамикалық саясаттарына қарсы нәзік қозғалады. Гео мәдени және геосаяси арнайы ерекшеліктер ұсынған Түркия және түркітілдес республикалар бірден көп аймақтық жүйедегі теңдікке аз не көп ықпал ету күшіне ие. Осы себепті Түркия мен түркітілдес республикалар әрі қызықтырған аймақтарда, әрі халықаралық қоғамдық жүйені жақын қадағалауға міндетті.

Трамп әкімшілігінің Еуразия жағрапиясында қалай саясат жүргізетіні жайлы сұрақтың жауабы АҚШ сыртқы саясатының тағдыры тұрғысынан аса маңызды. Бұл белгісіздік тағы қысқа уақыт жалғасатын сияқты. Бірақ мынаны айтуымызға болады. 20 қаңтар күні Вашингтонда басталған жаңа кезең АҚШ пен халықаралық қоғам тұрғысынан жаңа және қиын бір кезеңнің бастамасы болуы мүмкін. Алдағы жылдарда әлемнің көптеген жері бұл өзгерістің ықпалын сезінетін болады. Бұлар арасында Түркияға етене жақын Түркістан аймағы да бар.

Трамп Атлант Ортақтығына (TАO) жомарт төлемдермен басшылық жасайтын ел болудан гөрі тікелей өз мүддесін қолдайтын үлкен бір күш сияқты қозғалуды жақтайды. АҚШ-тың Транс-Атлант одақтастығынан бас тартуы да осыдан. Транс-Атлант Ортақтығы – Австралия, Бруней Дар-үс-Салам мемлекеті, Канада, Чили, Жапония, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур, АҚШ және Вьетнам секілді мемлекеттер арасында сауда және инвестиция мүмкіншіліктерін бағалау үшін жаңа ережелер қалыптастыруды мақсат еткен Обама әкімшілігінің экономикалық бастамаларының бірі болатын. Бұл мемлекеттер бүкіләлемдік кірістің 40 пайызынан астамын құрайды. Транс-Атлант Ортақтығы Тынық мұхиттың жалғыз нарығын құру арқылы саудалық тарифтерді арзандатып, ортақ ережелер белгілеп, 12 елдің сауда мен инвестициялары үшін одан лайықты бір орта құрылуын қамтиды. Транс-Атланттың құрылуымен Қытайдың жаһандық экономиканың ерекшеліктерін түрлендіру күшін шектелуі, жұмысшы құқығы және қоршаған орта құқығының сақталуы үшін стандарттар белгіленуі және АҚШ-тың нарықтарға кіруіне жағдай жасалуы күтілетін. Тараптар барлық мүше мемлекеттердің бекітуімен іске асатын Транс-Атлант Ортақтығының құрылуы жөніндегі  келісімге 2016 жылы 4 ақпан күні қол қойды. Осыған қоса 2017 жылы 23 қаңтар күні сайлау науқаны уәделерінің артынан АҚШ президенті Дональд Трамп елін Транс-Атлант Ортақтығынан шығу туралы жарияланған шешімді бекітті.

АҚШ-тың Түркістанға бағытталған саясатында бұл аймақты қоршайтын үлкен күштер жайлы стратегиялар болса ықпалды бір фактор. АҚШ жоспарын түркітілдес республикалармен шұғылданған кезде басатын қадамдарының Мәскеу және Пекиндегі ықпалын есепке алып жасайды. Түркістан геосаясатының Ресей, Қытай және басқа да маңызды көршілермен бірге түсіндіру бұл елдердің бас қалаларындағы ынтымақтастық толқынының түркітілдес елдерде көрініс табуына себеп болады. Сондықтан АҚШ Түркістанға қарағанда, Ресей мен Қытайды да байқайды. Қытай мен Ресейге көзқарасының өзгеруі болса, Түркістан үшін де маңызды нәтижелерге жол ашады.

Алдағы кезеңде АҚШ-тың Еуразия мен Түркістан саясатында радикалды бір өзгеріс күтпейміз. Дегенмен 12 жылда тұңғыш рет республикашыл президент үміткері сайлау алдында Орталық Азия Түркістанмен байланысты бір мәлімдеме жасады. Бұл АҚШ сыртқы саясатында Орталық Азияның салмақты орын алатынын көрсетуі мүмкін. Соңғы жылдары Еуразияда Антиамерикандық қозғалыстар артуда. Бұл қозғалыстар алдында АҚШ одан жұмсақ күштерді майданға айдайтын демократиялық ынталандыру саясатынан бас тартпайды.

Түркістаннан Түркияға дейін созылған желінің маңызы тек қана АҚШ үшін емес, барлық үлкен актерлер тұрғысынан арта түседі. Бұл желі үлкен күрестерге сахна болады.

Алдағы кезеңде Еуроодақ пен Қытайды бір-бірімен байланыстыратын «Түрік белдеуінің» барлық тараптар үшін құны артып, ауыр бір күрестік ортаға айналады.



Ұқсас жаңалықтар