Нұрсұлтан Назарбаев әкімшілігі мен аймаққа ықпалы

Түркия және Еуразия тынысы 25

757827
Нұрсұлтан Назарбаев әкімшілігі мен аймаққа ықпалы

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылынан бері еліне басшылық жасауда. 1991 жылдан бері тек қана Қазақстанның емес, Түркі әлемі мен көптеген елдің де сенімін алды. Халықаралық қоғам оны бейбітшілікті жақтайтын бір басшы ретінде танып, қатты құрметтейді.

Назарбаев Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында құрметті бір отбасының мүшесі ретінде 1940 жылы дүниеге келген. Қырғи-қабақ соғыс жылдары бастауыш мектептегі оқуын жалғастырды. Орта мектепте металлургия мамандығы бойынша білім алды. 1967 жылы болса  Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (ЖТОО) бітіреді. 1984 жылға дейін жүргізген маңызды бюрократиялық міндеттері барысында жұмысшылардың жеке мәселелерімен шұғылданды. Өнеркәсіптік мәселелердің шешімінде маңызды рөл атқарды. Жұмысшылардың құқықтарын қорғап, орталыққа ұсыныстар жасады.

1991 жылы 1 желтоқсан күні болып өткен сайлауға жалғыз үміткер ретінде қатысқан Назарбаев 21 желтоқсан күні Алматыда Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған хаттамаға қол қойды.1991 жылдан кейін 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары болып өткен президенттік сайлауларда үміткер болып, халықтың үлкен қолдауын алды. 1997 жылы ел ордасын Алматы қаласынан Астанаға көшірді. Назарбаев Ресеймен экономикалық және саяси байланысын жалғастырды. Дегенмен АҚШ, Түркия, Түркі әлемі, Еуроодақ елдері және Израильмен де ынтымақтастығын жетілдірді.

Назарбаев сыртқы саясатта бірдей ұстанымнан гөрі әр мемлекетке тепе-тең қашықтықта болуды жақтады. Көп тұсты бір сыртқы саясат жүргізуде. Бұл көп тұсты саясаты себепті Назарбаев халықаралық қоғамда «бітімгер басшы» болып есептеледі. Баршаға мәлім, Назарбаев Сирия дағдарысы мен Сириядағы гуманитарлық трагедияның шешімі үшін іске кірісті. Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен өткізіліп жатқан Астана процесіне қонақжайлық жасайды. Қазақстанның келіссөздерге қонақжайлық жасауы Сирияның маңызды актерлерінің бірі ретінде түрікмендерді де Астана процесіне қосып, болымды көзқарас қалыптастыруда ықпалды болды.

Қазақстан қазір БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің (БҰҰҚК) тұрақты емес мүшесі. Қазақстанның Түркиядан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес мүше ретінде орын алуы Түркі әлемі үшін таптырмас бір мүмкіншілік. Бұл жағдай Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болған Түрік Кеңесі үшін де әртүрлі мүмкіндіктер ұсынады. Қазақстан мен Түркия үлкен қолдау берген Түрік Кеңесіне Түрікменстан мен Өзбекстанның да қосылып, күшін арттыру керек. Қазір Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алдында Франко тілдес елдерге қалай өкілдік жасап жатса, алдағы кезеңде түркітілдес елдер атынан Түрік Кеңесіне мүше бір елдің де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде орын алуы сұранысын Түркі әлемі тарапынан БҰҰ-ға жеткізуге болады.

Назарбаев террор ұйымының (FETÖ) Түркиядағы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркияның қасында екенін көрсетті. Және осы оқиғадан кейін Анкараға сапарлай келген тұңғыш президент болды. Назарбаевтың «Түркияның дұшпаны біздің де дұшпанымыз» деген мәлімдемесі - шынайы бауырластықтың нағыз дәлелі. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты барлық баяндамаларында «Түркі әлемінің ақсақалы» деп атайды. Мұны Назарбаевтың сапары кезінде Ердоғанның мына мәлімдемесінен де байқаймыз: «Құрметті президент Түркі әлемінің ақсақалы. Қадірлі Назарбаев іске қосқан саналы және теңгерімді саясаттың арқасында Қазақстан қазір аймақ пен әлем ынтымақтастық еткісі келетін, құрметті бір одақтасқа айналды. Ортақ тіл, тарих және мәдениетті бөліскен бауырлас ел Қазақстан тәуелсіздігінің артынан саяси тұрақтылығын күшейтті және жылдам бір экономикалық өркендеу жүзеге асырды».

Бірнеше ай бұрын Қазақстанға бардым. Қазақстандағы өзгеріс пен жаңалықтарды дәл жерінде көру мүмкіндігім болды. Назарбаев ағымдағы ғасыр мен рухын өте жақсы ескерген бір президент. Бұл бағытта Назарбаевтың латын әліпбиіне өту тапсырмасы аса маңызды. Назарбаев 2025 жылына дейін барлық кітаптар, мерзімді басылымдар және ресми құжаттарды латын әліпбиімен басып шығару керектігін атап көрсетті. Бұл шешім Түркі әлемінің тіл мен әліпби одақтастығы үшін аса маңызды және стратегиялық бір бастама. Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасы және стратегиясымен түрленген «Қазақ моделі» Түркі өркениетінен нәр алады. Осының арқасында бұл моделде «тұрақтылық» пен «экономикалық өсу» байқалады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан 2017 жылы тарихи бір кезеңге қадам басуда. Қазақстанның нысанасы – әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу. Қазақстанның Назарбаевтың көшбасшылығымен тұрақтылығын жалғастыратынына кәміл сенемін. Қазір Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған сияқты көшбасшылар әрі екі ел, әрі Түркі әлемі тұрғысынан үлкен бақыт.

Ататүрік Университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы ғылыми-зерттеу қызметкері Джемил Доғач Ипектің тақырыппен байланысты мақаласын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар