Еуропа қайда бара жатыр?

Еуропа Одағына мүше көптеген ел ұстанымдары салдарынан өз ақыр замандарын дайындап отыр.

744641
Еуропа қайда бара жатыр?

Шығыс блогы ыдырағаннан кейін әлем бір полярлы күйге келді. 1945 жылғы Ялта келісімімен пішінделген әлем қазір тұйыққа тіреліп отыр.

Словения 1990 жылдың 2 шілде күні тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Югославия азаматтық соғысы басталды және Ялта жүйесі үшін ақырдың бастауы болды.

Осы ақыр өте қанды болды.  Босния және Герцоговинада мұсылмандарға бағытталған тарихтың ең ірі қырғыны жасалды.  Осы қырғын Еуропаның көзі алдында,  тіпті кейбір қырғындар Еуропа армияларының бақылауында болды.

Голландия соты 2014 жылдың шілде айында өз елінің армиясының Сребреницада 10 мың шақты мұсылман босняктың сербтер тарапынан өлтірілуінің жауапты екеніне де үкім берді.

Демократияның,  адам өмірінің қасиетті екенін алға тартатын Еуропа сербтердің қырғынынан қашу үшін өздерін паналағысы келген 500 мың боснякқа қақпасын жапты. Австрия, Германия және Италия Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бірінші рет 7/24 жүйесіне негізделген шекара бақылауын қалыптастырды. Қашатын жер таба алмаған босняктарды сербтер қырды.

НАТО-ның Югославияның азаматтық соғысына араласуы үмітті аз да болса арттырды. Өкінішке орай АҚШ-тың атомдық қару сылтауымен 1991 жылы Ирак және артынан Ауғанстанды басып алуы әлемді тағы террор түнегіне апарып соқты.

Бүгінгі террор лаңкестіктерінің себеп-нәтиже қатынасы енді тек Ислам және шығыс әлемінде ғана емес,  батыста да мықты талас болуда.  Себеп пен нәтиже қатынасы не болса болсын ешбір террористтік топ немесе террорлық іс жазықсыз деп есептелмейді. Есептелмеуі керек.

Террорлық істер шамамен бір ғасырдан бері әлемнің басына бәле болып отыр.

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған неше жылдан бері батыстық одақтастарға терроризмнің шекара танымайтынын түсіндіруге тырысуда.  Террормен іс атқарғандар бір күні сол пәлекетті өз елдерінде көреді.

Түркия PKK және оның Сириядағы жалғасы PYD/YPG ұйымдарына он мыңдаған азаматын құрбан қып берді. Бүгінгі күні түрік қарулы күштерінің PKK және оның құйрықтарына бағытталған операцияларда қолға түсірген қару,  зымыран және снарядтардың барлығына дерлігінің батыстан келгенінің бір жауапбы болуы керек.

Шамамен жарты ғасырдан бері Түркия терроризммен жалғыз өзі күресіп келеді.  Және осы күресінде оны көптеген батыстық одақтасы жалғыз қалдырды.  Бұдан басқа әрі НАТО-да, әрі саяси және сауда жағынан Түркиямен одақтас көптеген Еуропа елі бүгін өз жерлерінде террористтерге пана болып отыр.

Бұдан біраз уақыт бұрын түрік армиясының құрамына енген Фетуллахшы терор ұйымына мүше офицерлер Түркияда бір төңкеріс жасауға әрекеті етті,  жүздеген адамды өлтіріп,  мыңдаған адамға жарақат салды.  Осыншама азаматты өлтірген осы террорист офицерлер Германия сынды көптеген Еуропа елдері тарапынан қуанышпен қарсы алынды.

Түрік мемлекеті бірнеше мәрте Германияда жүрген 4500 террористті қайтаруын сұрады. Неміс үкіметі мен мемлекеті болса барлығын естімегендей болып отыр.

Түркияда бір іскерді өлтіргенін бүкіл әлем білетін террорист Фехрие Ердал 20 жылдан бері Бельгияда қонақ болып жүр. Түркияда әскер, полиция қызметкері, балалар мен әйелдерді, қарияларды өлтірген барлық террористтердің шығыс елдерінде емес,  Еуропа елдерінде жүргеніне бір жауаптары бар шығар.

Бірақ мына қайшылыққа қараңыздар. Батыс әлемі, оның ішінде Еуропа әрдайым шығысты терроризиммен айыптайды.  Батыстық одақтастар осы қайшылықты өз балаларына қалай түсіндірер екен?

Терроризм өзінің жағымсыз бейнесін Түркияның одақтасы Ұлыбританияда көрсетті жақында.  Одан бұрын Швеция, Германия, Бельгия, Франция секілді Еуропаны Еуропа қылған елдердің қалаларында терроризм өзін көрсетті. Жүздеген жазықсыз адам қаза тапты.

Күні кешеге дейін шығыстың қалалары мен бас қалаларында бомбалар жарылып,  жазықсыз адамдар өлетін еді.  Ал бүгінгі күні батыс бас қалалары да шығыстағылар секілді террор лаңкестіктеріне ашық.

Терроризм енді бір орталықтан немесе белгілі бір аймақтан шығып,  әлемге тараған қылмыс болды.  Аймақтық террорлармен қоса бір адамның жасаған шабуылдарының хабарын оқитын болдық. Бұл індет бара-бара бүкіл әлемге тарайтын секілді.

Себебі әлемнің мықтылары әділет механизмінің жақсы жұмыс істеуінің орнына өз ұлттық және саяси мүдде мен уайымдарын алғы шепте ұстайды.  Осы ынталар белгілі бір адам тобы мен жеке адамдарды күш қолдануға итермелейді. Кеңес жүйесінің таратылуы үшін жасалған қанды  істерді «төңкерісшіл қантөгіс» деген атпен заңды қып көрсетуге тырысып еді.  Ал бүгінгі террор лаңкестіктері өздерін басқаша атпен жасыруды да керек деп сезінбейді.

Әлемді және адам өмірін терроризм осылай кепілге алған бір кезеңде Еуропа Одағына мүше елдер өкінішке орай көптеген террор ұйымына мекен болып отыр.  Түрік, Ирак,  Иран немесе Сириялық мыңдаған адамды өлтірген немесе олардың өлім бұйрығын берген террористтер осы елдерді паналап отыр.

Тіпті еуропалық одақтастарымыз терроризм тақырыбында соншалықты немқұрайлы олар 15 шілде күні әскери төңкеріс жасауға тырысып,  жүздеген адамды өлтірген террористтерге есіктерін айқара ашты.

Түркияда тұзақ құрып, адамдардың өмірін қиратқан,  көптеген адамның өліміне себеп болған төреші және прокурор ретінде қызмет еткен террористтерге дипломатиялық төлқұжат беріп,  оларды әділетке тапсырмай отыр. Ал әділетке қарсы жасалған әрбір тойтарыс міндетті түрде қоғамдық мазасыздыққа әкеліп соғатыны бір шындық.

Жақсы өмір сүрген адамдардың жеке бастарына террорлық істерге араласуы немесе ДАИШ террор ұйымына қосылуы тек «жат қылу, шеттетумен» түсіндіруге болмайтын нәрсе.  Адамдардың әділетке деген мұқтаждықтарын қамдамау да күш қолдануға апарып соғады. Сондықтан бүгін өкінішке орай Еуропа Одағына мүше көптеген ел ұстанымдары салдарынан өз ақыр замандарын дайындап отыр.



Ұқсас жаңалықтар