Химиялық болса да, болмаса да Сирия қырылуда

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның мақаласы

712800
Химиялық болса да, болмаса да Сирия қырылуда

Сирия «әлем оған үнсіз қарап отырғанда» қырылып жатыр.  Асад билігі қолданған химиялық және басқа да қарулармен тек сириялық әйел мен балалар ғана емес,  біздің адамгершілігіміз де жан тәсілім болуда.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама 2012 жылдың желтоқсан айының төртінші жұлдызында Вашингтонда Ұлттық Қорғаныс Университетінде сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Асад пен оның қол астындағыларға мынаны нақты айтқым келеді: «Әлем сізге қарап отыр». Бұл Асад билігі тарапынан химиялық қару қолданылу ықтималына қарсы жасалған ескерту болатын.  Шабуыл 2013 жылдың тамыз айының жиырма бірінде болды.  Дамаск маңындағы Гутаны нысанаға алған шабуылда көпшілігі әйелдер мен балалардан тұратын кемінде 1500 адам қаза тапты. Бес жылдан кейін Асад жақын тарихтағы кез-келген бір қылмыскерден де көп адам өлтірді.  Асад мұны әрі химиялық, әрі кәдімгі қарулар қолдана отырып, «әлем оған қарап отырғанда» жасады.

Хан Сейхунға 2017 жылдың 4 сәуір күні жасалған химиялық шабуыл болса Асад билігі жүргізген қырғын саясатының тек қана соңғы бөлімі.  БҰҰ Сирияда қаза тапқандарды санауды көрсеткіштерді растай алмағандықтан тастады.  Шындық болса мынада: БҰҰ халықаралық қоғам және әлемдегі ең мықты ұлттар секілді 21-ғасырдың ең қанды соғысын тоқтатуда бірінен соң бірі сәтсіздіктерге ұшырады. Үстіміздегі жылдың 22 ақпан күнгі «Amnesty International» есебіне қарағанда «2016 жылдың аяғында Сириядағы қантөгіс 300 мыңнан астам адамның өліміне жол ашты». Алайда Асад билігі күштері мен қол астындағы қарулы жасақтар тарапынан өлтірілгендердің саны бұдан да көп. Шамамен 600 мыңнан астам. Женева да,  Астана процесі де Сириядағы билікті өз азаматтарына қарсы химиялық және басқа да қарулар қолданудан бас тартқыза алмады. Өз қырғынына «көрермен» болып отырған әлемді көріп отырған,  ДАИШ-ке қарсы күрес деген сылтауды қабылдағанын көрген Асад билігінің осы варварлық қозғалыстарын жалғастыруы да айқын.

Химиялық қарулар,  баррель бомбалары және миномет снарядтарының астынан тірі қалған миллиондаған адам болса босқын, өз туған жерлерінен көшіп кетуге мәжбүр болған адамдарға айналды. Amnesty есебі «БҰҰ Миграция жоғары комиссариатына қарағанда 2011 және 2016 жылдың аяғы арасында 4,8 миллион адамның Сириядан қашқанын, тек 2016 жылдың өзінде 200 мың адамның босқын болғанын» жазады. Және былай дейді: «БҰҰ Гуманитарлық көмек координация кеңсесіне қарағанда осы алты жылдық кезеңде жартысы балалардан тұратын шамамен 6,6 миллион адам болса Сирия ішінде көшкен». Жалпы алғанда бұл сан  Сирия халқының шамамен жартысы. Оның үстіне мыңдаған сириялық азамат Жерорта теңізінде және Эгей теңізінде опат болды.  ЮНИСЕФ-тің есебіне қарағанда, 2 миллионнан астам бала босқынмен бірге 8 миллионнан астам сириялық балаға жедел көмек керек.

 Хан Сейхун химиялық шабуылына АҚШ-тың жауабы дұрыс бағытта басылған бір қадам болатын. Тек ауыз жүзінде қалмаған бір ескерту болды.  Кәдімгі қарулармен жасалған операциялардың қорқыныштылығы мен артып отырған гуманитарлық дағдарысты ойлап қарағанда, АҚШ-тың осы реакциясы соғысты тоқтатуға жетпейді не болмаса Сирия халқы үшін бір қорған болмайды.  Асад билігінің АҚШ-тың бомбалауынан кейін қайтадан химиялық қару қолдануға дәті бармайтыны шындық. Алайда химиялық қаруға шоғырлану негізінде осы билік үшін бір жағынан жақсылық.  Себебі билік бұл жағдайды былай түсінуі мүмкін: кәдімгі қарулармен жасаған соғыс қылмыстарына және адам баласына қарсы жасаған барлық қылмыстарын жалғастыруына болады.  Себебі әлем тек химиялық қару қолданғанда ғана аттанға салады!

Теңдесі жоқ осы гуманитарлық ахуал саясат және қауіпсіздік сааларында үлкен шығынға жол ашты.  Жақын тарихтағы ешбір қантөгіс Сирияда осыншама тұрақсыздық туғызбаған еді. Сирия дағдарысы Сирия ішінде немесе жақын көршілерімен шектеулі қалады деп ойлағандар қателеседі. Бұл - аймақтың саясатты улайтын және жаһандық күш теңгерімін бұзатын соғыс. Айырықша жадымызда жазылып қалатын ең ірі «өкілдік соғысы». Мемлекеттік емес актерлердің соғыс желілерінен тұратын феодалдықтар құруына мүмкіндік беріп, одан да әлсіз және сәтсіз мемлекеттердің одан әрі әлсіреуіне жол ашатын соғыс. Ираннан Ливанға дейін, одан да басқа жерлерде секталық келіспеушіліктер асқынуда. Жаһандық деңгейдегі босқын дағдарысы ушығып барады. Сонымен бірге Еуропада шетелдіктерге қарсы дұшпандық және нәсілшілдік толқынының асып тасуына жол ашуда. Әл Кайда және ДАИШ сынды радикал істер жасайтын содырлар үшін өсіп-өну, жайқалу алаңы болуды жалғастыруда. Осыдан үш жыл бұрын Сирияда ДАИШ деген нәрсенің болмағанын еске саламыз.  Сирия соғысы және Ирактағы тұрақты тұрақсыздық ДАИШ-ті бүгінгі құбыжыққа айналдырды.

Оның үстіне Сирия соғысы заманауи әлемдік жүйенің адам абыройын қорғау және адам құқықтары бұзушылықтарының алдын алу басымдықтарын да отқа күйдіріп,  жарып жіберді. Демократия, еркіндіктер мен көпшілдік саясаттарының сүйеніштері Сирия халқы, Таяу Шығыс мұсылмандары және мұсылман әлеміндағы бауырластарымен салыстырғанда жарамсыз болып қалуда. Обама әкімшілігінің PKK экстремистік ұйымының Сириядағы жалғасы болып келетін Демократиялық бірлік партиясы (PYD) және Халықтардың қорғалуы жасақтарына (YPG) қолдау беру саясаты артынан НАТО-ның екі одақтас елі Түркия мен АҚШ арасындағы келіспеушілік ортаға шықты. Сирия соғысы салдарынан ортаға шыққан аймақтық және геосаяси проблемалар тізімі осылай созылып кете береді.

Сирияда ең болмағанда қазіргі ахуалда жеңіл шешім болмайтыны көрініп тұр. АҚШ Асад билігінің бір әуе базасын бомбалады деп билікті жақтап отырғандар қолдауларын үзбейді. Не болмаса Асад Муктеда әс Садр Иракта тосын түрде жасағаны секілді отставкаға кетуі үшін жасалған шақыруларға құлақ аспайды. Асадтың есебіне қарағанда соғыстан өзі жеңімпаз болып шығып отыр.  Бұның себебі тек Ресей, Иран және Хизбулланың қолдауын алуы ғана емес,  айырықша алдында табанды емес,  әлсіз халықаралық коалиция бар.  Оның үстіне ДАИШ-ті өзінің болмысын «жаманның жақсысы» қылып көрсету үшін қолдануы мүмкін.

Сирия ішінде сириялықтар үшін сенімді аймақтар құру деген Түркияның ұсынысы мыңдаған адамды құтқарып,  соңғы үш жылда жасалған химиялық шабуылдардың алдын алуы мүмкін еді.  Алайда Атлант мұхитының екі жағы да осы ұсынысты естімегендей болды. Түркия тап қазір өз жерінде шамамен 3 миллион босқынды қонақ қылып отыр және Сирия ішінде де он мыңдаған адамға гуманитарлық көмек жеткізуге тырысуда.

ДАИШ-ке қарсы күресу керек және осы ұйым жойылуы керек.  Бұл құбыжық онсыз да көптеген қайғы мен террорға жол ашты.  Сонымен қатар Сирия соғысының басқа бір құбыжығы Асад билігі мен залымдығына көрермен болып қалу моральдық жағынан скандал және саяси апат. 10 сәуір күні Италияда өткен Үлкен жетілік саммитінде Ресейдің Сирия қантөгісіне деген көзқарастың өзгеруі және Асад билігіне көмектесуін тастауы үшін көндірілуі керектігіне байланысты ортақ пікір қалыптасты.

Сирия «әлем оған үнсіз қарап отырғанда» қырылып жатыр.  Асад билігі қолданған химиялық және басқа да қарулармен тек сириялық әйел мен балалар ғана емес,  біздің адамгершілігіміз де жан тәсілім болуда.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның ағылшын тілінде шығатын «DailySabah» газетіндегі 11 сәуір 2017 күні жарияланған мақаласы



Ұқсас жаңалықтар