Ердоған Бердімұхаммедовке бір құттықтау хат жолдады.

Түрік әлемінен жаңалықтар-10

688156
Ердоған Бердімұхаммедовке бір құттықтау хат жолдады.

 

Бағдарламамызды  Түркиядан бастаймыз. Президент Ердоған Бердімұхаммедовке бір құттықтау хат жолдады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия-Түрікменстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 25-ші жылдығына орай Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовке бір құттықтау хат жолдады.

Атажұрт Түрікменстанның тәуелсіздігін таныған бірінші ел Түркия Республикасы болғанына қуанғанын және мақтаныш сезінгенін түсіндірген Ердоған құттықтауында «Саяси жігер және бекімді тұғырмен тереңдеген жан-жақты ынтымақтастығымыздың 25 жылда тіпті де күшті жалғасатынына кәміл сенемін. Аймағымызда тұрақтылықтың жалғасуы үшін бірге жұмыс істеуіміз өткенде болғандай осы таңда да өте маңызды» деді.

Президент Ердоған құттықтауында үшінші рет президент болып сайланғанына орай президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовті құттықтай отырып, дос және бауырлас түрікмен халқының амандығы мен байлығын тілегенін қайталады.

Түркия мен Түрікменстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 25-ші жылдығына орай Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да түрікмен әріптесі Рашит Мередовқа бір хат жолдап мерекесімен құттықтады.

Түркияның Ашхабад өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Капужу тарапынан Түрікменстан Сыртқы істер министрлігіне жолданған құттықтауында әріптесі Мередовқа және түрікмен халқына жақсы тілектерін жеткізген Чавушоғлұ аймақтық тұрақтылықтың жалғасуы үшін бірге жұмыс істеудің маңыздылығына назар аударды және екі жақты қарым-қатынастардың жалғасатынына сенгенін түсіндірді.

1991 жылы 16  желтоқсан күні Түрікменстанның тәуелсіздігін таныған және іле-шала 1992 жылы  29 ақпан күні Түрікменстанмен дипломатиялық байланыс құрған, сонымен қатар Ашхабадта елшілік ашқан тұңғыш ел Түркия Республикасы болып табылады.

Өткен аптада Түрікменстан Сыртқы істер министрі орынбасары Вефа Хажыев басшылығындағы түрікмен делегациясы мен түрік сыртқы істер министрлігі лауазымдары Анкарада бас қосты және кездесулер өткізді.

Ендігі жаңалығымыз Өзбекстан жайлы. Өзбекстанның 2017 жылғы нысанасы үлкен. Өзбекстан 2017 жылғы бағдарламасы аясында биыл 4 миллиард 505 миллион долларлық шетелдік инвестиция қолдануды нысаналауда.

Өзбекстан министрлер кеңесінен жасалған мәлімдемеде үкіметтің 2017 жылғы бағдарламасы аясында биыл мемлекетте жүзеге асырылатын 199 жоба үшін 4 миллиард 505 миллион долларлық шетелдік инвестиция қолдануының мақұл көрілгені білдірілді.

Мәлімдемеде биыл 79 жоба үшін үкімет кепілдігімен 1 миллиард 854 миллион долларлық шетелдік несие қолданылуының жоспарланғаны, 120 жоба болса 2 миллиард  651 миллион долларлық тікелей шетелдік инвестицияның мемлекет экономикасына кіріс түсіретіні баяндалды.

Ең көп шетелдік инвестицияның энергия секторына жасалуының нысанаға алғаны баяндалған мәлімдемеде жиыны 37 энергия жобасы үшін 2 миллиард 470 миллион долларлық шетелдік инвестицияның мақұл көрілгені атап өтілді.

Биыл Өзбекстанға ең көп инвестиция салатын елдер арасында Ресей бірінші орын алса, Ресей капиталының маңызды бір бөлімінің энергия секторында қолданылуы күтілуде.

Ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясы Өзбекстандағы 2017 жылғы жобалары үшін  1 миллиард 217 миллион долларлық инвестиция салуға шешім жасаса, орыс табиғи газ алпауыты Газпром да 1,3 миллиард долларлық табиғи газ іздеу, табу және өңдеу жұмыстарын жасауға бекім берді.

Өзбекстан үкіметі 2017-2021 жылдарында Әлем банкі, Азия даму банкі және Ислам даму банкі сынды халықаралық қаржы ұйымынан жиыны 7,7 миллиард доллар несиені нысаналауда.

Үкімет көрсеткіштері бойынша 2016  жылы мемлекет экономикасына жасалған шетелдік инвестиция өткен жылмен салыстырғанда  11,3 пайыздық артумен 3,7 миллиард доллар ретінде тіркелген.

Бағдарламамызды Қазақстанмен жалғастырамыз.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды.

Қазақстанның ресми хабар агенттігі Kazinform-да орын алған хабар бойынша Швейцарияның Базель қаласындағы бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастама көтергені айтылған.

Қазір де бұл салада жемісті жұмыс жасап келе жатқаны да назарға алыныпты. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін 6 мәрте Нобель сыйлығына ұсынылған еді.

Ең соңғы жаңалығымыз Әзірбайжаннан.

Әзірбайжанның астанасы Бакуде 1926 жылы өткізілген Бірінші Түркология Құрылтайының 90 жылдығына орай «Түркология ғылыми және мәдени зеттеуде ортақ құндылықтар» атты конференция ұйымдастырылды.

Түркологтар 90 жылдан кейін Баку Түркология Құрылтайы өткізілген, сол кезеңде Исламдық қорына тиесілі болған, ал осы таңда Әзірбайжан ғылымдар академиясының ғимаратында бас қосты.

Түркия делегациясы төрағасы және Түрік тілі қоғамы төрағасы профессор Мұстафа Качалин конференциядағы баяндамасында Баку Түркология Құрылтайында Түркі әлемінің ортақ құндыларының талқыға салынғанын, сондай-ақ сол талқының осы таңға дейін әлі жалғасып келгенін айтты.

Сол кездегі Құрылтайға өмірін Түркі әлеміне арнаған көптеген ғалымдар мен 131 делегаттың қатысқанын және жиыны 17 сессияның өткізілгенін еске салған Качалин осы ғалымдардың көбінің кейінгі жылдарда Кеңес Одағы қуғын-сүргінге душар болғанын,сондай-ақ айдауға жіберілгенін тілге тиек етті.

Құрылтайдың тіл жағынан осы таңда әлі талқыға салынған мәселелерге  тоқталғанын баяндаған Качалин әліппе, еміле, тіл ғылымы және методика сынды мәселелердің қолға алынғанын білдірді.

Түрік тілі қоғамының құжат тіркеулерді  1998 жылы бастағанын еске салған Качалин 1926 жылғы Құрылтайының түріктік ғылым үшін бетбұрыс болғанын түсіндірді.

Профессор Ахмет Бижан Ержиласун болса 90 жыл бұрын Құрылтай өткізілген ғимаратта бас қосудың қуанышты бір оқиға екенін айтты.

90 жыл бұрын  Түркі әлемінің әлеуметтің ғылымдарының осы ғимаратта талқыға салынғаны баяндаған Ержиласун Түркітілдес елдердің барлығының алдымен ғылымға көңіл бөлуі керектігін атап өтті.

1926 жылы  26 ақпанда Бірінші Түркология Құрылтайында Түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтары қолға алынған. Құрылтайға Түркия атынан профессор Фуат Көпрулу мен Али Бей Хүсейінзаде қатысқан болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар