Түрікменстанда өткен президенттік сайлау және Түркия

Түркия және Еуразия тынысы 08

679246
Түрікменстанда өткен президенттік сайлау және Түркия

2017 жылдың 12 ақпан күні Түрікменстан азаматтары президенттерін сайлады.

Түрікменстан халқы 12 ақпан күні жаңа президенттерін сайлау үшін сандыққа жүгінді. Сайлауда қазіргі президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовқа қоса 9 үміткер жарысты. Президенттік сайлауда Түрікменстан демократиялық партиясының үміткері қазіргі президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедов, Түрікменстан өнеркәсіпшілер және іскерлер партиясы депутаты, Рысгал Банк бас директоры Атальев Бекмурат пен Аграр партиясы басшысы Оразов Дурдугили жарысты. Сондай-ақ Түрікменстан мемлекеттік Азық-түлік одағы директор орынбасары Аннанепесов Мақсат, Ахал қалалық экономикалық және өркендеу мекемесі директоры Джелилов Сердар, Түрікмен мемлекеттік Химия мекемесі Гарабогазсульфат өндіріс одағы төрағасы Нұрнепесов Сүлейманнепес, Дашоғуз қала әкімінің орынбасары Гурбанов Меретдурду, Сейди ауданы мұнай өндеу зауыты директоры депутат Дурдуев Рамазан мен Мары қала әкімінің орынбасары Аннаев Жұманазар да президенттік сайлауға үміткер болды.

15 ақпан сәрсенбі күнгі кабинет жиналысында Түрікменстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Гулмурад Мурадов президенттік сайлау қорытындысын жариялады. Мурадовтың мәлімдемесіне қарағанда Түрікменстан демократиялық партиясының үміткері қазіргі президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедов дауыстардың 97.69 пайызын жинап, қайтадан президент болып сайланды. Қалған үміткерлердің сайлау қорытындысы бойынша Аннанепесов Мақсат -1.02% (~ 32.269 oy), Аннаев Жұманазар -% 0.21 (~ 6643 oy), Атальев Бекмурат -% 0.36 (~ 11.389 oy), Құрбанқұлы Бердімұхаммедов - 97,69% (~ 3090610 oy), Гурбанов Меретдурду - 0.17% (~ 5.378 oy), Джелилов Сердар -% 0.25 (~ 7909 oy), Дурдуев Рамазан -% 0,15 (~ 4.745 oy), Нұрнепесов Сүлейманнепес -% 0.09 (~ 2,847 oy), Оразов Дурдугили -% 0,06 (~ 1.898 oy) дауыс жинады.

Түрікменстан атазаңына жаңа енгізілген өзгерістермен президенттің міндеті 5 жылдан 7 жылға ұзартылды, үміткерлік жасы болған 70 шарты жойылды. Осылайша елді келесі 7 жыл бойынша Құрбанқұлы Бердімұхаммедов басқарады. Сайлаумен байланысты әсіресе батыс медиасында сындар мен пайымдар орын алды. Бердімұхаммедовтан басқа үміткерлердің жұмыстары мен мәлімдемелеріне мемлекеттік арнада аз орын берілгені алға тартылды.

Баршаға мәлім, Сапармұрат Түрікменбашы дүниеден озған соң 2007 жылы 11 ақпан күні жасалған сайлау қорытындысында дауыстардың 89,23 пайызын жинаған Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Түрікменстанның екінші президенті болып сайланған болатын. 1957 жылы дүниеге келген Бердімұхаммедов 1979 жылы Түрікменстан тіс дәрігерлігі факультетін бітірді. 1987 жылы Мәскеуге дәрігерлік жасау үшін барды және 1990 жылы докторантурасын аяқтады. 1990-95 жылдары арасында Тіс дәрігерлігі факультетінде алдымен ассистент кейін, декан ретінде тағайындалды. Түрікменбашының қолдауымен саясаткер болған Бердімұхаммедов Түрікменстан үкіметінде қызметін тұрақтылықпен ұзақ уақыт жалғастырған министр болды. Естеріңізде шығар, Түрікменбашының өмірінің соңғы кездерінде Түрікменстан атынан халықаралық жиындарға Бердімұхаммед өкілдік жасайтын.

Әлемнің ең көп табиғи газ резервіне ие мемлекеттері арасында Түрікменстан төртінші орында. Басты табыс көзі болған табиғи газ бағаларының 3 жыл бұрынғымен салыстырғанда жартылай арзандауы 2016 жылы Түрікменстан экономикасына кері әсер етті. Бердімұхаммедов бұл мәселенің шешімі үшін бір жоба жетілдірді. Қытайдың қолдауымен түрікмен табиғи газын Қытайға тасымалдайтын бір құбыр желісі салынуда. Бұл жобамен Түрікменстанның Қытайға 30 миллиард текше метр табиғи газ экспорттайтыны болжалады.

Табиғи газ саласындағы әлсіздік себепті бұл салада жұмыс істейтін түрікмендердің (болжамдарға қарағанда) 50 пайызы уақытша жұмыссыз қалды. Табиғи газ саласындағы әлсіреу ел экономикасына болымсыз ықпалын тигізді және ұн, қант, май сияқты күнделікті азық-түлік материалдары сұранысында кейбір кемшіліктер ортаға шықты.

Түрікменстан «тұрақты бейтарап мемлекет» мәртебесі себепті халықаралық ұйымдар мен басқа елдерден проблемаларын шешу тақырыбында қолдау сұраудан бастартты. Бірақ бұл кезеңде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі (Түрік Кеңесі) мүшелерінен (Түркиядан бастап) қолдау сұрауы мәселелердің одан қысқа уақытта шешуге көмектеседі. Түрікменстанның Түрік Кеңесімен ынтымақтастық жетілдіруі әр салада (экономикалық, саяси, мәдени т.б.) өзінің мүддесіне болады.

Түркия мен Түрікменстан - түркітілдес елдер арасында Оғыз тайпасының екі мемлекеті. Алдағы кезеңде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарда етене бір ынтымақтастықты нысанаға алатын ауқымды стратегиялар жетілдіруге тиісті. Бұл стратегиялар орта және ұзақ мерзімді бір перспективада мемлекеттік саясатқа сәйкес болуға тиісті. Аймақтық экономикалық саясаттарды жетілдіруде азаматтық қоғам мекемелері, мемлекеттік мекемелер, университеттер және ғылыми орталықтар арасындағы белсенді ынтымақтастық және координация қалыптастыру қажет.

Түркия Республикасы Түрікменстанда жұмыс істейтін және маңызды жобаларға қолтаңба қалдырған жекеменшік түрік фирмаларына қолдау көрсетіп, бақылап отыру керек. Табысты болғандарды ынталандырып, нашар жұмыс істейтіндерді тазалауға тиісті. Түркия бұл фирмалардың жоғары деңгейдегі басшылары мен техникалық қызметкерлерін қоғамдық дипломатиялық жұмыстар үшін пайдаланып, оларды лобиялық жұмыстарда қолдануға міндетті.

Бердімұхаммедовты алғаш құттықтаған ел мен мемлекет басшыларының бірі Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған болды. Қорытып айтқанда, құрамында Түрікменстан да бар түркітілдес республикалар күдіксіз түрік сыртқы саясатының теңдік ізденісі аясында маңызды болып табылады. Бұл тұрғыдан тарихтан келе жатқан байланысқа қоса, Түркияның рационалды сыртқы саясат таңдауында Түрікменстан өзіндік ерекшелікке ие.



Ұқсас жаңалықтар