Алеппо жеңілісі Асад режимі үшін шешім бола ма?

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 51

641139
Алеппо жеңілісі Асад режимі үшін шешім бола ма?

Шамамен 8 ай бұрын сириялық дәрігер Усаме Әбу Әл-Эзз маңызды бір мәлімдеме жасап, «Алеппода қазір табыт табылмай отыр!» деген болатын.

2016 жылы сәуір айынан бастап, Алеппоның оппозицияның бақылауындағы аймақтарда өмір сүру, өліммен өмір сүру деген мағынаға келетін. Бұл тұрғыдан 2016 жылдың алғашқы айларында жарияланған Халықаралық амнистия ұйымының рапорты маңызды. Рапорт Ресей мен Асад режимі әуе күштерінің ауруханалар мен денсаулық сақтау орталықтарын мақсатты және жүйелі түрде нысанаға алғанын көрсететін. Жарияланған бітімдердің алдында және артынан Асад режимі мен орыс әуе күштерінің ұшақтары жүйелі түрде ауруханалар мен клиникаларды нысанға алды. Халықаралық Амнистия Ұйымы қызметкерлеріне қарағанда денсаулық сақтау мекемелері және қызметкерлеріне бағытталған бұл шабуылдар жүргізілген соғыс стратегиясының бір бөлігі еді. Оған қоса халықаралық заңдарға да қарама-қайшы болатын. Ауруханалар, электр станциялары және ауыз суы желілері  орыс және Асад режимі шабуылдарының алғашқы және негізгі нысаналары болды. Осы арқылы қала тұрғындарының қаланы тастап кетуі нысанаға алынды.

Соңғы бес жылдың ішінде Сирияда жүздеген дәрігер қаза тапты. «Адам құқықтары үшін дәрігерлер» атты бір мекеменің зерттеуіне қарағанда, 2016 жылы сәуір айына дейін Сирияда соңғы бес жылдың ішінде шамамен 730 дәрігер қаза тапты. Сондай-ақ сол кезеңде 269 денсаулық сақтау мекемесіне 382 әуе шабуылы жасалды. Аталмыш зерттеу жарияланғаннан бастап желтоқсан айына дейін өткен мерзімде медициналық мекемелерге тағы 54 шабуыл тіркелді.

Және осы аптадан бастап, Шығыс Алеппо толығымен Асад режимінің бақылауына өтті. Қазіргі жағдайда халықаралық қоғам атынан әсіресе мәлімдеме жасауды өзінің құқы деп қабылдаған батыс әлемінің үлкен жауапкершілігі бар. Батыстың Сириядағы табыссыздығы соншалықты енді парламенттерінде ашық түрде айтылатын болды. Бұрынғы ағылшын қаржы министрі және радикал оңшыл партия депутаты Джордж Осберн Мәжілісте осы апта жасаған баяндамасында елі және батыс әлемін былай сынға алды:

«Егер Сириядағы оқиғалар тақырыбында жауапкершілігіміз жоқтығына сенетін болсақ, осы парламентте отыратын тұлғалар ретінде бір-бірімізді алдап отырмыз. Алеппо трагедиясы батыс, АҚШ және ағылшын басшылықтары себеп болған бір кеңістікте пайда болды» деді.

Екі апта бұрын да Неміс федеральды мәжілісінің Сирия тақырыпты отырысында сөз алған Неміс Федеральды Мәжілісі Сыртқы істер комиссиясы төрағасы Норберт Реттген «Алеппо - батыс сыртқы саясатының соңғы жылдардағы ең үлкен апаты» деген болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыста Неонацисттер жасаған қырғынның қайталанбауы үшін «ешқашан қайталанбайды» дегендер бұл сөздерді тез ұмытты. Ұқсас тәжірибелер Палестинада, Боснияда, Руандада, Халепчеде және соңғы рет Сирияда кездесті. 2013 жылы Асад режимі өз халқына қарсы химиялық қару қолданған кезде жарияланған ережелер тапталған болатын. Дегенмен батыс әлемі химиялық қарулардың қолданылуы алдында қажетті жауапты қайтарудан бас тартты. Және ең жаманы ережелерін Ресей белгілеген бір ойынды жоспарымен ойнауды қабылдады. Бұл жағдай сол күннен бастап барлық соғыс қылмыстарына есік ашты.

Алеппо Ресей әуе күштерінің қолдауымен толық Асад режимінің бақылауына өтті. Бірақ бұл жағдай режимнің мықты екенін көрсететін бір жаңалық емес. Алеппо жеңілісі Ресей берген қолдауға қоса, Иран басқарған шетелдік қарулы топтар, Ирактан келген қарулы топтар мен Хизбуллах берген қолдаудың арқасында жүзеге асты. Ақыры режим Алеппоны тез арада бақылауға алуға асыққаны себепті ДАИШ Палмира ежелгі қаласының бақылауын Асад режимінен қайтадан қайтарып алды.

Сирияда инфрақұрылымы жойылғанынан гөрі саяси тұрғыдан бөлшектенген бір мемлекеттің болмысы байқалады. Алайда төрт мемлекеттің қолдауымен болмысын жалғастырған режим күштерінің мемлекеттік билік дегені тек қана бір сценарий болып табылады.

Режимнің айтқандарына керісінше Алеппо еркіндікке қауышқан жоқ. Бұл шетел күштерінің Сирияның бір аймағын өртеп қиратуы. Алеппоның артынан Асад режиміне қарсы күрестің партизандық соғыс болатыны анық.

Сириядағы қақтығыстар нәтижесінде режим үлкен қирауға себеп болды. Сондай-ақ миллиондаған адам елді-мекендерінен айырылды. Сирияда радикал бір әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгеріс қалыптаспайынша қазіргі режим және жақтаушылары мәселелердің бас актері болуды жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар