Екінші Араб көктемі толқыны келе ме?

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 45

613503
Екінші Араб көктемі толқыны келе ме?

28 қазан жұма күні Марокконың Хусейме қаласында шыққан оқиғалар мен артынан елдің кейбір қалаларына тараған шерулер 2010 жылдың соңында Тунистің артынан Араб құрлығына тараған халық көтерілістерін еске түсірді.

2010 жылдың желтоқсан айында Тунистің Сиди-Бу-Зид қаласында полиция қыдырма саудагер Мұхаммед Буазизидің заттарын қолынан тартып алып, саудагерге қорлайтын әрекеттер жасаған еді. Бұл оқиғаның артынан қорланған саудагер наразылық ретінде өзін өртеген болатын. Бұл оқиғаның артынан Тунисте басталған оқиғалар кейін көптеген араб еліне тарады. «Нан, әділет және еркіндік» және «бұл тәртіп өзгеру керек» деген ұрандармен шеруге шыққан халық биліктегі үстемшіл режимдерге қарсы наразылықтарын көрсеткен болатын. Халықаралық қоғам «Араб көктемі» деп атаған бұл жаңалық кейбір мемлекеттерде биліктердің өзгеруіне себеп болды.

Мароккода соңғы бір аптаның ішінде шыққан оқиғалар «екінші бір Араб көктемі толқыны келе ме?» деген сұрақты еске түсірді. 28 қазан күні балықшы Мухсин Фикридің балықтарын күштеп алған  қауіпсіздік күштері балықтарды қоқыс жинайтын көлікке тастады. Балықтарын қоқыс көлігінен алғысы келген Мухсин Фикри көліктің қоқыстарын езетін жерге құлап қаза тапқан болатын. Әлеуметтік медиада Фикридің езілген денесін көрсеткен фотосуреттер Мароккода он мыңдаған адам қатысқан шерулерге жол ашты. Рабатта Марокко парламенті алдында ұйымдастырылған шеруде халық Ішкі істер министрін отставкаға шақырды.

Марокколық балықшы Мухсин Фикри мен тунистік қыдырма саудагер Мұхаммед Буазизидің трагедиялары бір-біріне қатты ұқсайды. Екеуі де екі елдің шеттетілген кедей аймақтарынан келеді. Екеуі де мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қорланған. Екеуі де қалың жұрттың назарында қазіргі үстемшіл режимдердегі әділетсіздік, кедейлік және теңсіздік нәтижесінде қаза тапқан. Осы ұқсастықтардың барлығына қарамастан Мароккодағы шерулердің қысқа мерзімде әрі аймақ, әрі Мароккода 2010-2011 жылдардағыдай нәтижелерге жол ашуын күту дұрыс емес.

Бәрінен бұрын алты ай бұрынғысымен салыстырғанда, қазір араб саяси конъюктурасында маңызды айырмашылықтар байқалады. Тунистен басқа елдерде араб көтерілістерінің ауыр нәтижелері назар аударарлық факторлардың басында келеді. Араб көктемі елдерінің көпшілігінде қоғамдық сұраныстар өкінішпен нәтижеленген. Йемен, Ливан және Сирия қазір қанды бір соғысты бастан кешуде. Мысырда болса өткендегі барлық қысымшыл кезеңдерді қайта іздейтін бір әскери режим ортаға шықты. Әу бастан Марокко қоғамы бұл қайғылы мысалдарға қарап, ұқсас бір тәжірибені бастан кешкісі келмейтін шығар. Сондай-ақ аймақтағы саяси режимдер әртүрлі саяси оппозицияға кедергі жасап, әлсіз қылу тақырыбында ең қатал шараларды қабылдап отыр. Қауіпсіздік себепті бұл режимдер шерулерді қылмыс ретінде қабылдайтын, медианы шектейтін, ғалам торға цензура келтіретін  және азаматтық қоғамның күшін жоятын шараларды қабылдаған. Бұл шаралар қысқа мерзімде аймақта Араб көктемінің екінші толқынын әлсіреткен істер. Оған қосымша түрде мәселеге Марокко тұрғысынан қарағанда, Марокко үкіметінің мұндай шерулерді қысқа мерзімде басқаратын жеткілікті тәжірибеге ие екенін байқаймыз. 2010-2011 жылдары Араб көтерілістері кезінде қабылданған шаралармен Марокко үкіметі бұл тақырыпта қабілетті екенін көрсетті. Сол кезеңде режим 50-ден астам аудан мен қалада шерулерде халықтың сұраныстарын жартылай болса да қамтамасыз етіп, тыныштық орнатқан болатын. Сондай-ақ Мароккодағы мықтылар әдеттегідей шерулер алдында басқа Солтүстік Африка режимдері сияқты күдіктенбей, қысымдарды азайту механизмі ретінде көрсеткен бір ұстаным ортаға қойды.

Марокко үкіметі жаңа шеру толқынында да әдеттегі орнын сақтады. Ереуілшілерге қарсы операция жасамады және шерулердің бақылаудан шығуына себеп болатын қадамдардан аулақ болды. Король оқиғаның артынан дереу тергеу ашуға тапсырма берді және Ішкі істер министрін король атынан көңіл айтуға Фикри жанұясына жіберді. Сондай-ақ ереуілшілермен ынтымақтасатынын білдірді.

Король бұл әрекетімен бұрын болғандай мемлекет пен қоғам арасындағы қақтығыста өзін қақтығысатын тараптардан жоғары бір сатыда екенін көрсете білді. Осында корольдік мәртебесінің қоғам алдында сақталған әдеттегі заңдылығын жалғастыруы маңызды роль ойнайды. Бұған қоса король өзі дәл ортасында орын алатын бір қожайындық жүйесі арқылы құрылған ынтымақтастықпен өте ауқымды және бағынышты жұртқа қарсы ықпалдығын сақтауда.

Мароккодағы соңғы шерулердің екінші бір Араб көктемі толқынына жол ашатын күші болмаса да, назарға алып отырған жөн. Өйткені, 2011 жылы халықтың шеруге шығуына себеп болған шағымдардың әлі жойылмағанын естен шығармау керек. Жүйедегі бұрынғы кемшіліктер қазір де жалғасуда. 2011 жылы атазаңға енгізілген шектеулі өзгерістер жүйенің сипаты мен табиғатын жеткілікті түрде өзгерте алмады. Сондықтан қоғам әлі терең саяси, экономикалық және қоғамдық мәселелермен күресуде. Осыған қоса әр шеру алдында режим қабылдаған сәттік шаралар жараны уақытша емдеуден басқа пайда әкелмейді. Шерулерге жол ашқан негізгі мәселелер ретінде заңсыздықтар, полицияның күш қолдануы және экономикалық маргинализм тереңдеп жалғасуда. Аталмыш мәселелерден құтылу тақырыбында табыссыз болу жалғасқан сайын қысым азайтатын шаралар жеткіліксіз болады.



Ұқсас жаңалықтар