Мысырдың құлдыраған экономикасы мен заңдылық дағдарысы

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 44

613487
Мысырдың құлдыраған экономикасы мен заңдылық дағдарысы

Мысыр халқының 27 пайызы ресми түрде кедейлікпен күресуде. Дегенмен айлық табысы 50 доллар деп белгіленген кедейлік көрсеткішінің қаншама шындыққа жататыны өз алдына бір мәселе. Мысырдың жоғары жағындағы аймақта болса кедейлер 60 пайызды құрайды. Мысырдың саяси тұрақтылыққа қол жеткізу жолы қазіргі экономикалық мәселелерді шешумен мүмкін. Алайда елдің келешегінде бұл бағытта болымды бір жаңалық байқалмайды. Керісінше жаңалықтар экономикалық және қаржы мәселелерінің одан да күрделенетіні жөнінде. Сондықтан қазіргі экономикалық және қаржы дағдарысы Абдүлфеттах әл-Сиси әкімшілігінің саяси заңдылығы дағдарысын одан әрі асқындыруда.

2011 жылы Мысырдағы халық Мүбарак режиміне қарсы шеруге шыққан кезде 3 талаппен ортаға шыққан болатын. «Нан, еркіндіктер және әлеуметтік әділет». Елдің сайлаумен билікке келген тұңғыш басшысы Мұхаммед Мурси әскери төңкеріспен биліктен алыстатылған соң, билігін жариялаған әл-Сиси әкімшілігі Мүбарак кезеңінің шарттарынан да төмендеді.

Қолдағы көрсеткіштер елдің экономикалық жағдайының нашарлағанын ортаға қояды. 2015 жылдан бастап, Мысыр экономикасы кейбір болымды сигналдар бере бастаған еді. Инфляция бақылауға алынып, жұмыссыздық көрсеткіштері де азая бастаған және өсу жылдамдығы арта түскен болатын. Тағы 2015 жылы электр мәселесі де елдің көптеген жерінде шешілген еді. Дегенмен бұл болымды жаңалықтар тұрғындарға дұрыс жеткізіле алмады.

Негізінде 2013 жылғы төңкерістің артынан Мысырда маңызды экономикалық және қаржы құлдырауы байқалған еді. Шығанақ елдерінен келген қаржылай жәрдемдер Әл-Сиси әкімшілігінің жүгін жеңілдетті. Қазіргі экономикалық қиыншылықтардың шығу себептерінің бірі де осы қаржы жәрдемдерінің тауысыла бастауы.

2011 жылы 11 ақпан күні әскери кеңес билікті басып алған кезде, 1 АҚШ доллары 5,8 Мысыр лирасы болатын. Қазір 1 АҚШ доллары 15 Мысыр лирасына тең. Мысыр лирасы тек қана биылдың ішінде 40 пайыз құнын жоғалтты.

2011 жылы Мысыр Орталық банкіндегі валюта резервтері 36 миллиард доллар төңірегінде тіркелген. 2016 жылы тамыз айында болса Мысыр тарихының ең төменгі деңгейіне яғни 5,15 миллиард долларға азайды. Оқиғаны одан қорқынышты қылатын тағы бір мәселе 2013 жылғы төңкерістің артынан Шығанақ елдерінен Мысыр алған жәрдемдер көлемінің 50 миллиард долларға ұласуы. Қысқаша айтқанда Орталық Банктегі резервтер шамамен 20 миллиард доллар мөлшерінде еріп кетті.

Мысырдың сыртқы қарызы болса күн өткен сайын артып отыр. 2015 жылдың соңында 48 миллиард доллар көлеміндей сыртқы қарызы 2016 жыл аяқталмай тұрғанда 55,7 миллиард долларға ұласты.

Еріп кеткен ақшалар қайда кетті? Мысыр халқына тыныс алдыратын маңызды бір экономикалық жағдай да байқалмайды. Аталмыш ақшалар жаңа түрмелер салуға, шерулердің алдын алуға, «қауіпсіздік шараларын арттыруға» жұмсалады. Әрине сонымен бірге алды еш алына алмаған кедейлікте елдің резервтерін жылдам тауысуда.

Осындай болымсыз шарттарға Мысырдың ұлттық табысының 10 пайызын құрайтын туризм саласының  құлдырауын да қосып айту керек. Мысырға валюта кірісінің шамамен 20 пайызы туризм саласы арқылы түсетін. Осы жағдайдың барлығына салмақ түсіретін тағы бір мәселе - күнделікті тіршіліктегі болымсыз жаңалықтар. Ұлттық валютаның құнын жоғалтуы және артып отырған инфляцияға қоса, негізгі тұтыну тауарларының қымбаттауы осылардың бірі. Мысыр халқының маңызды бөлігінде жалғыз бір табыс көзі бар. Шекер, күріш, май және дәрі-дәрмек сияқты  негізгі тұтыну тауарларының артып отырған бағаларына қоса, оларға қол жеткізудегі қиыншылықтар да мәселені асқындыруда. Бұрынғыдай субсидиялық бағамен бұл материалдарды сатудың мүмкін еместігі кедей азаматтардың тіршілік күресіне салмақ түсіріп отыр.

Қараша айында Мысыр үкіметі мен Халықаралық валюта қоры арасында 12 миллиард долларлық бір несие келісіміне қол қойылатыны білдірілді. Келісімге қарағанда Мысыр үкіметі үнемдеу шараларын іске қосуды мойындады. Бірақ Мысыр үкіметі экономикалық тұрақтылық шараларын табысты түрде жүзеге асырғанның өзінде халықтың көпшілігі тұрғысынан тіршілік одан да қиынға түседі. Келісім аясында Мысыр үкіметі қосымша құндылық салығын іске қосады. Мұнай бағалары қымбаттап, субсидиялар жойылады. Оған қоса жаңа бір девальвация жасалатын болады. Бұл үш тақырып негізгі тұтынушы өнімдерінің бағасын қайта арттырады.

Қорыта айтқанда, үкіметтің құтылу жолы ретінде қабылдаған бұл құрылымдық үйлесім саясаты және іске қосылатын экономикалық шаралар халықтың көпшілігі үшін тіршілікті одан да қиындатады. Бұл жағдай әл-Сисидің заңдылығы дағдарысына да ауыр салмақ салады. Мұндай қысымшыл құрылымға ие үйлесімді саясаттардың Мысыр сияқты елдерде демократиялық ортада жүзеге асқанын көрсеткен тарихи мысал онша кездеспейді. Сондықтан үстемшіл режимнің бұл саясаттарды іске қосуы үшін одан көп зорлық-зомбылық жасайтыны сөзсіз. Зорлықпен күрделенген «үстемшіл биліктің заңдылығы» мәселесі болса шешімнен алыстайды.



Ұқсас жаңалықтар