Үлкен 20 саммиті

Әлем саясатында Қытайдың артып отырған ролі

574560
Үлкен 20 саммиті

4-5 қыркүйек күндері арасында Қытай Халық Республикасының Ханчжо́у қаласында Үлкен 20 саммиті өткізілді.  Қытай бірінші рет өткізіп отырған саммитке 19 ел мен Еуропа Одағынан басқа Чад, Испания,  Қазақстан, Лаос, Мысыр, Сенегал, Сингапур және Тайланд қонақ ел ретінде қатысты.  Саммитке айырықша қатысты халықаралық ұйымдардың төрағалары да келді.  Үлкен 20 басшылар саммитін жүздеген журналист бақылады.

11-ші саммит Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің қонақ басшыларды қарсы алуы және топтық суретке түсумен басталды.  Үлкен 20 басшылар саммитінің ашылу салтанатында Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин бір баяндама оқыды. Артынан «Саясат координациясының нығайтылуы және өсім үшін жаңа бір жол» атты жұмыс отырысты өтті. Екі күн болған саммитте халықаралық маңызды тақырыптар,  экономикалық даму сынды мәселелер талқыланды.  Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығында басталған «2030 жылға дейін әлемде кедейліктің жойылуы» мақсаты тақырыбында басылатын қадамдар мен жол картасына байланысты талқылаулар жүргізілді.  Саммит аяғында қорытынды мәлімдеме жарияланды.

Саммиттің қорытынды мәлімдемесінде халықаралық сауда-саттық және дамудың жандандырылуы,  кедейліктің жойылуы,  ауқымды және жалғастырылатын жаһандық даму, жаңа экономикалық өсім, терроризммен бірігіп күресу және жұмысқа орналастыруды арттыру баса айтылды. Жаңа жаһандық даму моделімен халықаралық сауда және инвестиция ынтымақтастығының арттырылуы,  даму жолындағы елдерге техникалық инфрақұрылым,  энергия және адам капиталы сынды тақырыптарда қажетті қолдаудың берілуі керектігі атап көрсетті. Әлемдік экономикалық форумның ынтасымен дайындалған рапорттың 2017 жылы өткізілетін Үлкен 20 елдеріндегі қатысты министрліктерге тапсырылуы айтылды.

Терроризммен бірігіп күресу тақырыбы баса айтылған мәлімдемеде террор қайда болса болсын,  қаржы көзі,  техникалық негізі сынды факторлардың жойылатыны атап көрсетілді.

Үлкен 20 саммиті аясында көптеген екі жақты кездесулер өткізілді.  Ондаған келісімге қол қойылды.  Түркия Еуропа Одағы басшыларымен төрттік кездесу өткізді.  Айырықша саммит аясында Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама және Қытай мемлекет басшысы Цзиньпиннің Париж климат өзгерісі келісімін бекіткендерін көрсететін құжаттары БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға тапсырылды.

Саммиттің соңғы отырысы өтіп жатқанда «осы аймақта біз де бармыз» деген секілді Солтүстік Корея  зымыран сынағын жасады.  Солтүстік Кореяға қарсы қолданылатын шаралар Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасында келіспеушілік болуына себеп болды.  Үлкен 20 басшылар саммиті кезекті төрағалығын Германия қабылдап алды.

 

**

«Бір белдеу, бір жол» жобасын 2020-2050 жылдары арасында аяқтауды жоспарлаған Қытай маңызды жиналыс өткізді.  Тарихында бірінші рет Үлкен 20 саммитін өткізген Қытай осы жиналыс арқылы Американың билігіндегі батыс үстемдігінің жойылып бара жатқанын,  жаңа ғасырда шығыстың маңызды рол ойнайтынын көрсетті.  Үлкен 20 елдері арасында да дамып келе жатқан және өсу жолындағы елдердің көбінің шығыс елдері екенін анық көруге болады. Осы аяда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ортаға шыққан әлем жүйесінің қайтадан қолға алынуы керектігі белгілі. Біріккен Ұлттар Ұйымы бастаған осы ерекшеліктегі батыстағы қаржы мекемелерінің құрылымы қайта қолға алынуы қажет.

Саммиттің Ханчжо́у қаласында өткізілуі Қытайдың Жаңа Жібек жолы жобасында қаншалықты табанды екенін де көрсетеді. Қазақстанның осы саммитке қонақ ретінде шақырылуы да осыған байланысты. Қытай, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Иран мен Түркия сынды Еуразияның алдыңғы қатарлы елдері Жібек Жолы жобасын қолға алып,  аймақты қайтадан әлемнің беделді орталықтарының біріне айналдыруға күші жетеді.



Ұқсас жаңалықтар