Германия канцлерінің Қырғызстан сапары

Еуразия тынысы 30

540757
Германия канцлерінің Қырғызстан сапары

2016 жылы 13-14 шілде күндерінде Германия канцлері Ангела Меркель президент Алмазбек Атамбаевтың шақыруымен Қырғызстанға ресми жұмыс сапарымен барды. Меркель 13 шілде күні Халықаралық Манас әуежайынан президент Алмазбек Атамбаев тарапынан қарсы алынды.

Меркель мен Атамбаев ертеңінде Ала-Арча президенттік қонақүйінде оңаша және делегация аралық кездесу жүргізді. Бұл кездесудің артынан ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев баспасөз жиналысында Меркельдің сапарымен байланысты «Қырғызстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына дөп келген бұл сапар Германия канцлері ретінде тұңғыш сапар болып табылады. Сапарыңыз біз үшін аса маңызды» деді. Атамбаев Меркельдің сапарының екі ел арасындағы ынтымақтастықта жаңа бір кезеңнің бастамасы болатынына сенгенін тілге тиек етті.

Меркельмен аймақтық мәселелер, халықаралық терроризм және радикализмге қоса, Еуроодақ-Ресей арасындағы дағдарыс пен Украинадағы жаңалықтарды қолға алғандарын атап көрсеткен Атамбаев Еуроодақ-Ресей дағдарысы және Украинадағы жаңалықтардың Қырғызстанға болымсыз ықпал еткенін атап, тараптарды тез арада келісімге шақырды.

Атамбаев сондай-ақ Еуроодақпен жақындасуды мақсат еткендерін атап, Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі Армения және Қазақстанмен жүргізілгендей Еуроодақтың Қырғызстанмен де келіссөз жасауын талап етті.

Германия канцлері Ангела Меркель болса Қырғызстан сапары мақсатының қандай ынтымақтастық мүмкіншілігі бар екенін көріп, Қырғызстанға қалай көмек бере алатындарын үйрену екенін атап, «Демократия жолын таңдадыңыз. Бұл аймақта әр қашан бұл оңай емес. Ынтымақтастыққа әрдайым дайынбыз» деді. Атамбаевке жылы және шынайы қарсы алғаны үшін алғысын айтқан Меркель кездесуде екі жаққа қатысты ынтымақтастық тақырыптары мен аймақтық мәселелерді талқылағандарын білдірді. Германия канцлері оқу саласында да екі жақты ынтымақтастық жетілдіргілері келгенін және Германияда білім алған қырғыз жастары санын арттыру тақырыбына оң қарайтындарын атап көрсетті.

Германия канцлері Қырғызстан сапары аясында Қырғызстан парламенті төрағасы Чыныбай Тұрсынбеков және Жоғары кеңесте тобы бар партия басшыларымен кездесті. Кездесуде Қырғызстан демократиясын күшейту және парламент аралық ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Меркель Тұрсынбековты Германияға шақырды.

Ангела Меркель Бішкек сапары аясында Қырғызстандағы неміс диаспорасы және университет студенттерімен бас қосты.

Германия канцлері Ангела Меркельдің Қырғызстанға жасаған сапары соңғы 25 жыл ішінде жүзеге асқан тұңғыш Германия канцлері сапары болуы тұрғысынан аса маңызды. Қырғызстан президенті Атамбаев болса 2012 және 2015 жылдарында екі рет Германияға сапар ұйымдастырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кезекті төрағасы және Германия Сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайер болса 2016 жылдың наурыз және сәуір айларында Орталық Азия турына шығып, Қырғызстан лауазымдыларымен бас қосқан болатын.

Германия-Қырғызстан ынтымақтастығы 1992 жылы құрылған және 1998 жылы екі ел үкіметтері арасында бекітілген келісімнің артынан екі жақты қарым-қатынастар бағыт алды. Германия Қырғызстанға қазірге дейін 260 миллион евро кері қайтарымсыз жәрдемдер жасаған болатын. Германия-Қырғызстан ынтымақтастығы Еуроодақ пен Орталық Азия ынтымақтастығы аясында да жетілдірілуде. Тараптар арасында қол қойылған Ортақтық пен ынтымақтастық келісімі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына  Техникалық жәрдем бағдарламасы басты ынтымақтастық бағдарламасы ретінде алға шығады.

Германия канцлерінің Қырғызстан сапары қарсаңында Еуропаға барған босқындар тақырыбының сапары аясында күн тәртіпке келетіні кейбір медиа органдары тарапынан алға тартылса да Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі бұл қауесеттерді теріске шығарды.

Қырғызстан тіпті бүкіл Орталық Азия мемлекеттерінің Германия және Еуроодақпен ынтымақтастық жетілдіруінде пайда көреді. Жаһанданған әлемде ортаға шыққан мәселелер баршаға ықпал етеді. Украина дағдарысының шешімі, босқындар дағдарысының жойылуы, аймақта демократияны жетілдіру, терроризм, есірткімен күрес, жаһандық ысыну сияқты көптеген мәселеде жасалатын ынтымақтастық екі тарап үшін де ұтымды болады. Еуразия мемлекеттерін қамтитын Ортақ Экономикалық Аймақ бастамасына қолдау беру керек. Қыркүйек айдың соңында Қырғызстанда өтетін Неміс экономика күндерінің  екі жақты қарым-қатынастың ең әлсіз саласы ретінде экономикалық ынтымақтастықты күшейтуін үміт етеміз.



Ұқсас жаңалықтар