Түркия Республикасы премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның Қазақстан сапары

Еуразия тынысы 07

441003
Түркия Республикасы премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның Қазақстан сапары

Түркия Республикасы премьер-министрі Ахмет Давутоғлу 2016 жылы 6 ақпан күні Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кәрім Масімовтың шақыруымен Астанаға бір күндік жұмыс сапары ұйымдастырды. Бұл сапар Ахмет Давутоғлуның премьер-министр ретінде Қазақстанға тұңғыш сапары. Бұқаралық ақпарат көздерінде жарияланған жаңалықтарға қарағанда, Давутоғлуның сапары биыл шетелден Қазақстанға жүзеге асқан тұңғыш жоғары деңгейдегі сапар болу тұрғысынан маңызды болатын. Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның делегациясында вице-премьер Туғрул Түркеш, Экономика министрі Мұстафа Элиташ, Қатынас және коммуникация министрі Бинали Йылдырым, депутаттар мен көптеген бюрократтар орын алды.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Астанада алдымен әріптесі Кәрім Масімовпен оңаша және делегация аралық кездесулер өткізді. Қазақстан үкімет ғимаратында жүзеге асқан кездесуде екі жақты және аймақтық тақырыптардың қолға алынғаны білдірілді. Екі ел премьер-министрлері соңғы мәрте 2016 жылы 25 қаңтар күні Давоста бас қосқан болатын.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу кейін Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қабылданды. Ақорда сарайындағы қабылдауда Давутоғлу мен Назарбаев алдымен оңаша, кейін делегация аралық кездесу өткізді. Кездесуде Сирия мәселесі, Түркия-Ресей қарым-қатынастары мен бұл екі ел арасында туылған дағдарыс қолға алынды. Кездесуде президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін әрі Ресей, әрі Түркияның аса маңызды стратегиялық ортақ екенін атап көрсетті және екі ел арасындағы мәселелердің шешілуін үміт еткендерін айтты.

Кейін болса Давутоғлу Қазақстандағы түрік іскерлермен бас қосты. Түрік іскерлерінің мәселелерін тыңдаған Давутоғлу іскерлердің екі ел арасында көпір болуын талап етті.

Түркия Республикасы премьер-министр Ахмет Давутоғлу кейін Астанадағы Түркі академиясына қонақ болды. Түркі академиясын аралаған Давутоғлу осында Қазақстандағы дипломаттар мен ғалымдарға үн қатты. Жібек жолының маңызына тоқталған Давутоғлу Қазақстан мен Түркияның шығыс пен батыстың қайта байланыс орнатуында маңызды рол атқаратынын, Жібек жолының келешегінің толығымен өз қолдарында екенін білдірді.Түркі академиясы басшылығы тарапынан Давутоғлуна сыйлықтар табыс етілді. Давутоғлу байланыстарының артынан сол күні кешке елге оралды.

Түркия Республикасы премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның бір күндік Қазақстан сапарындағы кездесулердің ішкі мазмұны егжей-тегжейлі жарияланбаса да, көптеген тұрғыдан маңызды болып табылады. Алдымен Қазақстан мен Түркия екі жақты ынтымақтастығын жоғары деңгейде жалғастырғысы келеді. Сапар барысында басшылар мұны ашық түрде тілге тиек етті. Бәлкім осы себепті әртүрлі манипуляцияға жол ашпау үшін сапар соңғы уақытқа дейін жасырын болды. Сапар барысында екі ел арасында кезкелген бір келісім жасалмауын немесе жасалғанның өзінде де мұны жарияламауы Назарбаевтың биыл Түркияға ұйымдастыратын сапармен түсіндіру мүмкін. Тараптар маңызды келісім-шарттарды президенттер алдында қол қоюға шешім қабылдаған болар. Негізінде екі елдің ынтымақтастығын жетілдіретін жаңа бастамаларға мұқтаж. Қазіргі сандық көрсеткіштер екі елдің күшінен әлде қайда төмен.

Өткен жылы Қазақстанда болған Түрік Кеңесі және ТүрікПа саммиттеріне Түркия жоғары деңгейде емес, өкілдікпен қатысқан болатын. Бұл жағдайды кейбір орталар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа «көлеңке түсті» деп пайымдады. Ахмет Давутоғлуның сапары мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл Түркияға ұйымдастыруды жоспарлаған сапары осы пайымдарды босқа шығарды.

Түрік әлемінің екі үлкен елі сондай-ақ Түркітілдес елдердің интеграциясын ең көп қалайтын екі елі ретінде Түркия мен Қазақстан ынтымақтастығын баршаға қарамастан жоғары деңгейде ұстау керек. Аймақтық интеграция үшін Түркия-Әзірбайжан-Қазақстан үштік механизмін құрудың уақыты келді.



Ұқсас жаңалықтар