Молдовадағы саяси жағдай

Еуразия тынысы 06

436670
Молдовадағы саяси жағдай

2014 жылы 30 қараша күні өткен парламент сайлауынан бері Молдовада тұрақтылық орнатыла алмай отыр. Сайлауда Ресей жақтаушысы партияның жеңіске жеткеніне қарамастан батыс жақтаушылары билікке келді. Банктерден жоғалған 1 миллиард доллар оппозицияның қолындағы ең үлкен құралдардың бірі. Оппозиционерлердің 2015 жылғы шерулерінің 2016 жылы да жалғасатыны анық. Алдымен оқиғаларға қысқаша көз жүгіртейік.

Молдовада үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шерулер 2015 жылы мамыр, қыркүйек және қазан айларында ауқымды түрде ұйымдастырылды. Ереуілшілер 2014 жылы Молдова банктерінен жоғалған 1 миллиард доллардың табылуын және үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Бұл шерулерге 50 және 100 мың арасында адам қатысты. Молдовадағы бұл шерулер 1990 жылдардағы шерулерді еске түсіретін қалың жұрт қатысқан ереуілдер ретінде тіркелді. Осы шерулерде шамамен 200 ереуілші түнде де шеру алаңын тастамай, шатырларда қонды.

Бір миллиард доллар табылмаған соң, Молдова Орталық банкі төрағасы Дорин Драгутану 2015 жылы 21 қыркүйек күні парламентке отставка хатын ұсынды. Үкімет болса қылмыскерлерді заң органдарына ұстап бере алмай, «Banka De Economi», «Soçial Bank» және «Unibank»-ты жабуға шешім қабылдады.

Молдова үкіметі 29 қазан күні парламенттен сенім дауысы ала алмағаны себепті тарады. Осылайша жаңа үкіметті іздеу жұмыстары басталды.

Батысты жақтаушы коалиция желтоқсан айында іскер Владимир Плахотнукты премьер-министр ретінде жариялады. Бірақ күдікті бір тұлға болғаны себепті мыңдаған адам алаңдарға жиналып, президенттен Плахотнуктың премьер-министрлік міндетін бекітпеуін талап етті. Тіпті оңшыл көзқарастағы «Абырой мен Шындық» платформасының қолдауын ала алмаған Плахотнуктың премьер-министрлігі қысымдар себепті президент Николай Тимофти тарапынан кері қайтарылды.

Молдова парламенті 2016 жылы 20 қаңтар күні Еуропа жақтаушысы Демократия партиясы үміткері Павель Филиптің премьер-министрлігін бекітті. Филип 101 парламент мүшесінің 56-сынан дауыс алды. Филиптің премьер-министрлік міндетін бастауымен оппозициядағы Социалистік партия, Біздің партия және орталық оңшыл «DA» платформасы наразылық шерулері ұйымдастырды. Ереуілшілер парламенттің күшін жойып, ерте сайлау өткізілуін талап етті. Ереуілшілердің кейбіреулерінің парламентті басып алу бастамасы табыссыз аяқталды. Оппозиционерлер президент Тимофтидің де отставкаға кетуін талап ете бастады.

Оппозициядағы Біздің партия басшысы Ренато Усатый 28 қаңтар күні қорқытатын мәлімдемелер жасап, ереуілдерінің одан қатаң болатынын білдірді. Усатый 2014 жылғы сайлауда «шетелден ақшалай көмек алғаны» себепті үміткер тізімінен шығарылып, сайлауға қатыса алмаған болатын.

Молдовада оппозиция наразылықтарын 30 қаңтар күні 4 күнге тоқтатты. Филип үкіметінен отставкаға кетіп, ерте сайлау өткізілуін талап еткен оппозиционерлер талаптары орындалмаған жағдайда, азаматтық көтеріліс бастайтындарын жариялады.

Сол кезде үкіметтің елдегі экономикалық дағдарысқа жауапты ретінде қабылданған кейбір бюрократтарды өзгерткені атап көрсетілді.

Молдова парламент төрағасы Адриан Канду үкіметке қолдау берген парламенттегі көпшілік тарапынан президентті мәжілістің емес, халықтың сайлауы тақырыбында ел көлемінде референдум өткізу жөнінде шешім қабылдағанын жариялады. Референдум тақырыбының парламенттің 1 наурыз күні өтетін жалпы отырыста қолға алуы күтіледі.

Молдовадағы саяси жағдайды халықаралық саясаттың, Ресей мен батыс арасындағы күрестің бір көрінісі ретінде бағалауға болады. Бір жақта Румыниядан бөлінгендер, бір жақта орыстар мен Ресейге өзін жақын көрген Гагауздар бар. Молдовадағы саяси қайраткерлердің мақұл шешімдер қабылдап, саяси қызуды түсіруі және мәселелерді өзараларында шешуге тырысуы міндетті. Керісінше Молдованың Украинаға ұқсауы әбден мүмкін.

Молдованың Еуроодақпен виза жеңілдігі келісіміне қол қойғанына қарамастан елдің экономикалық жағдайы нашар. Елдің ұлттық валютасы «Молдован лейі» өткен жылы 60 пайыз құнын жоғалтты. 2014 жылы өткен сайлау алдында жоғалған 1 миллиард доллардың із-түссіз жоғалуы батыс жақтаушылары үшін минус болды. 2015 жылы 14 маусым күні өткен жергілікті сайлаудың қорытындысы елдегі Ресей-Батыс бәсекелестігінің көрінісі сияқты. Молдовадағы жағдайдың қай бағытқа ауытқитыны қазірше Молдован саясат қайраткерлеріне байланысты десе болады.



Ұқсас жаңалықтар