Си Цзиньпиннің Таяу Шығыс сапары

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 05

434388
Си Цзиньпиннің Таяу Шығыс сапары

Қытай 1979 жылынан бері қадағалаған экономикалық саясаттар себепті осы күнге дейін жылдам экономикалық өсуге қол жеткізді. Бұл кезең елді күн өткен сайын Таяу Шығыс мұнайларына бағынышты қылды. Қытай бүгін тұтынған мұнайдың 50 пайызын осы аймақтан қамтамасыз етеді. Алдағы жылдарда бұл бағыныштылық артады.

Сондықтан Қытай үшін Таяу Шығыс мұнайын үздіксіз тасымалдау үлкен маңызға ие. Қытайдың саяси тұрақтылығын жалғастырылуы экономикалық өркендеудің одан әрі әлсіремей жалғасуы, өркендеудің тоқтамауы да көбіне энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатқан Қытай сондай-ақ аймақтың мұнай экспорттаушы елдерімен екі жақты экономикалық бағыныштылықты арттыруға көңіл бөліп, Таяу Шығыстың доминант экономикалық және сауда ортақтарының біріне айналып отыр.

Сауда ынтымақтастығына қоса Иран, Ирак және басқа шығанақ елдерінде миллиардтаған долларлық инвестиция жұмсады және Катардан бастап Шығанақ елдерінің Қытайға инвестиция құюын қамдады. Сондай-ақ Шығанақ елдерімен еркін сауда келісімі жасау талпыныстарын жалғастыруда.

Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығы Қытайдың әрі энергия қажеттілігін қамтамасыз ету, әрі инвестицияларын кепілдікке алу тұрғысынан міндетті. Бірақ Қытай аймақтың шатаққа айналған саясатына араласудан бас тартып отыр. Қазірге дейін екі жақты жауапкершіліктерді қамтыған стратегиялық одақтар орнына екі жақты бағынышты ынтымақтастықты алға шығаруда.

Әйтсе де аймақтың жағдайы Қытайды ұзақ уақыт геосаяси бастамаларға итермеледі. Бұл мақсатпен өз энергия қауіпсіздігін өзі бақылау үшін теңіз флотын жылдам жетілдіру жөнінде қадамдар бастады.

Ал Сирияға бағытталған халықаралық бір операцияның алдын алу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Қытай қолданған вето Сирия режимін жақтаушы одақпен бірге қозғалу деген мағынаға келмей ме? Егер жауабыңыз «иә» болса, сонда бұл жағдай біз жоғарыда түсіндіруге тырысқан саясатына қарама-қайшы емес пе?

Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ортақ операция шешіміне Ресеймен бірге есігін жабудағы себеп Иран - Асад режимі және Ресей арасындағы одаққа қосылуымен байланысты емес. Қытай 2011 жылы наурыз айында Ливия операциясына тосқауыл болмаған еді. Дегенмен бұл операция режим өзгерісі жобасына айналған соң Сирияда да ұқсас жағдай қайталанбасын деп қалады. Неліктен?

Өйткені Қытай халықаралық ынтымақтастықтарда ұлт пен мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау керектігі ережесін қатты қолдайды.

Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Си Цзиньпин Сауд Арабиясы, Мысыр және Иранды қамтыған бір Таяу Шығыс сапарын жүзеге асырды. Негізінде бұл сапар өткен жылдың сәуір айында жоспарланып, тек Иранмен шектеулі болатын. Сауд Арабиясы басшылығындағы Йемен операциясына қолдау беру секілді көрінбесін деп сапарын кейінге қалдырған еді. Өткен апта жүзеген асқан сапары Иранды ғана қамтымайтын. Шиіт басшы Нир эл-Нимрді Сауд Арабиясының дарға асуы Қытай үшін қайтадан сәуір айындағы сияқты бір жағдайға жол ашты. Си Цзиньпин бұл мәселені Иранды да сапар бағдарламасына қосу арқылы шешті.

Си Цзиньпиннің Таяу Шығыс бағдарламасына Иранды қосуы Иран мен Сауд Арабиясы арасында аймақтағы дағдарысқа тарап болмағанын көрсетуге ықпалын тигізді. Сондай-ақ Иранға бағытталған санкциялардың жойылуымен сапардың ерекше бір мағынасы болды. Иранның сапар бағдарламасына қосылуына саудтардың наразылық білдірмеуі үшін Си Цзиньпин Йемен үкіметінің егемендігін қолдайтын бір мәлімдеме жасады. Алайда бұл мәлімдеменің Йемендегі Сауд басшылығындағы операцияға берілген қолдау ретінде қабылданбауы үшін мәтінде қолданылған сөздер мұқият таңдалды.

Осы сапарда Си Цзиньпиннің ұстанымы араласудан бас тартушы әдеттегі Қытай ұстанымынан сәл басқаша болды. Бұл өзгешелік тек қана Қытайдың сауда мүдделерін кепілдікке алынуы үшін жасалмады. Қытай тұрғысынан Таяу Шығыс басқаларға қалдырмайтындай маңызды. Аймақты хаосқа итермелеу Қытай үшін өте ауыр шығын деген сөз. Сондықтан Қытай шетте тұрудың енді керек емес екенін ойлап, қадам басады. Иран мен Сауд Арабиясы арасында АҚШ және Ресейдің теңдікті бұзушы ұстанымының артынан мұндай бір кезеңде екі елмен де жақсы ынтымақтастық жалғастырған бір күш ретінде Қытай тікелей өзі кемшіліктерін толтыра бастады. Аймақтан мұнай тасымалдауын тоқтататын бір қақтығыстың Қытай экономикасына ықпал етуінің алдын алғысы келеді. Бұл сапар тарихтың ең ашкөз экономикалық өркендеу жобасы ретінде және Қытай тарапынан іске қосылған «Бір нәсіл, бір жол» бастамасының да күшеюі тұрғысынан маңызды.

Бұл жоба аясында Қытай өзіне Азияда және Еуропада жаңа нарықтық мүмкіншіліктер ашса, Таяу Шығыс елдері құрамындағы көптеген елге де мүмкіншіліктер ұсынады. Екі жақты бағыныштылық ережесі арқылы экономикалық және сауда тұрғысынан барша үшін ұтысты бір жағдай аймақтағы дағдарысты азайтады деп есептейді.

Аталмыш сапар алдында жарияланған «Қытайдың Араб саясаты» тақырыпты рапортта сақтық саясатының бір қалыпты жалғасатыны қамтылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар