Ислам дінін үйренейік-4

Аллаға иман тақырыбына тоқталамыз.

425605
Ислам дінін үйренейік-4
kazakca kapak BSA
  • Бүгінгі бағдарламамызды Алланың атымен бастап, Түркиядан сіздерге жалынды сәлем жолдаймыз.
  • Бүгін де бағдарламамызда Аллаға иман тақырыбына тоқталамыз.
  • Аллаға иман етуді «Алланың болғанын, бірлігін, Алладан басқа құлшылық қылуға лайықты Тəңір жоқ екендігін, сондай-ақ бұның жүрекпен, тілмен жəне дене мүшелерімен куəлік беру» деп түсіндірген. Қысқаша айтқанда иман жүрекпен қабылдау, тілмен жеткізу және әрекетпен орындаудан тұрады. Осылардың біреуі кем болса, иман мақсатына жете алмайды. Пайғамбарымыз Аллаға иман келтіруді «Лә иләһа иллаллаһ Мұхаммед Расуллуллах» сөздерімен қайталаудың ең керемет шара екенін айтқан болатын.
  • Аллаға иман адамды жаратқан және сансыз нығымет бағыштаған Ұлы жаратушының адам үстіндегі құқығы болып табылады. Алланың құлынан күткені--құдірет алдында бас июі және бұйрығын орындауы. Ғибадаттар және Алланың ризалығын алу үшін жасалған іс-шаралар бағынудың дәлелі болып табылады. Сонымен қатар Алланы сүю, Алла үшін сүю, Алланың сүйгендерін сүю, істегендерін істеу, істегендерін Алланың ризасы үшін істеу, Алланың қойған шегінен аспау сынды әрекеттер де бағынудың көрсеткіші болып саналады. Осы шарттарды орындаған адамдардың иманы кемелді болады. Осылайша адамдар иманның ләззатын алады.
  • Аллаға иман Оны өте сүюді талап етеді. Ардақты Пайғамбарымыз иманның кемелді болуының тек Алланы барлық нәрседен тіпті көп сүюмен ғана жүзеге асатынын айтқан.
  • Аллаға сенген адам иманын іс-әрекеті арқылы көрсетеді. Мейлі жалғыз болсын, мейлі қауым ішінде болсын Алланың барлық нәрсені көретінін және еститінін сезіне отырып әрекет етеді. Алла жаратқандарына мейірімділік жасайды. Сондықтан Аллаға иман моралды және ибалы өмір сүруді талап етеді.
  • Аллаға иман адамның өмір тіршілігіне мағына берген, өмір сүру шартын белгілеген, көзқарасы мен шешімдеріне жөн сілтеген, өзімен, отбасымен, қауыммен және барлық жаратушы әлемімен байланыстарын ретке салған бір жүйе. Иман—жамандыққа қарсы салынған бір кілт, жақсылыққа ашылған бір терезе.
  • Әзірет Пайғамбардың хадистері бойынша Аллаға иман келтірген адам көршісіне жақсы мәміле жасайды, қонақты күтеді, жылы сөз айтады, Мұсылмандарды сүйеді, өзі үшін қалағанды басқа адамдарға қалайды, дұрыс болады, ұлттық және жаһандық құндылықтарға ие болады. Қорыта айтқанда жоғарыдағы міндеттерді орындайды.
  • Алла Тағаланың бар және бір екендігінің ең басты дәлелі қасиетті Құран Кәрім болып саналады. Құранда Алланың жалғыз екендігі, Өзінен басқа тәңірі жоқ екендігі мен құлшылық иесі екендігі, әуелі мен ақыры жоқ екендігі және бар болу үшін еш нәрсеге мұқтаж емес екендігі көптеген аяттарда кездеседі.
  • Ол бір шеше және әкеден тумаған және тудырмаған. Оның бар болуы және жалғасуы үшін еш нәрсеге мұқтажы жоқ.
  • Жаратылғандарға тән жеу, ішу, ұйықтау, шаршау және туу мен тудыру сынды әрекеттер Ол үшін тілге тиек болмайды.
  • Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Барлық мүліктің иесі, Ол адамдық береді, қауіпсіздікке жеткізеді. қорғап қолдайды, қалағанын істейді. Оның үлкендікте теңдесі жоқ, барлық кемелді ерекшелікке ие.
  • Мәңгі-бақи қалатын жалғыз Алла ғана. Ол барлық нәрсені басқарады. О бір нәрсенің болуын тілегенде «Болсын» десе, дереу бола қалады. Одан хабарсыз бір жапырақ қимылдамайды. Ол жер бетіндегі барлық нәрсені біледі.
  • Барлық дерттердің дауасы, науқастардың емі Алла Тағала.
  • Алла әрқашан өзіне сенген және сенім артқан құлдарымен бірге болады, олардың жанында тұрады. Құлына сүйген кезде оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы болатынын айтқан еді. Яғни құлдарын қорғайтынын, құлдарының күнәға кіруін тосатынын айтқан болатын.
  • Жаратушы Раббымыз былай бұйырады: «Раббымыз Алла деп, кейін тура болғандарға періштелер келіп: «Қорықпаңдар, қайғырмаңдар, сендерге уәде етілген жаннатқа қуаныңдар! Біз бұл дүниеде де, ақыретте де сендермен доспыз. Кешірімді әрі мейірімді Алланыңң сендерге деген мол ырысы ретінде (жаннатта) қалаған нәрселерінің бәрі сендердікі» - дейді.
  • Пайғамбарымыз да Аллаға сеніп өмір сүргендерді және иманның рухына зиян келтіретін әрекет және сөздерден аулақ тұрғандарды жаннатпен сүйіншілеген.
  • Бағдарламамызды сүйікті Пайғамбарымыздың бір дұғасымен аяқтағым келеді.
  • «Уа, Алла тағалам, бізге иманды сүйдір және онымен жүрегімізді ажарландыр, көңілге жағымды ет. Сондай-ақ, бізге күпірлікті, күнәні және өзіңе бағынбауды ұнатқызба, бізді тура жолды тапқандардың қатарына қоса гөр».


Ұқсас жаңалықтар