Әзірбайжаннан Бейбітшілік бұлағы операциясына қолдау

Әзірбайжан Түрік Қарулы күштері бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясына қолдау бергенін жариялады.

1286441
Әзірбайжаннан Бейбітшілік бұлағы операциясына қолдау

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Түрік қарулы күштерінің Сирияда Евфрат өзенінің шығысында бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясының террор ұйымының жойылуына, босқындардың үйлеріне оралуына, гуманитарлық мәселелердің шешіміне, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектесетінін мәлімдеді.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Әзірбайжанның терроризмнің әртүрлі тұсын қатаң түрде айыптағаны және халықаралық қоғамның террормен күрестегі талпынысқа қолдау бергені білдірілді.

Мәлімдемеде «Осы орайда Түрік Қарулы күштерінің Бейбітшілік бұлағы операциясының, Сирияның шекара тұтастығы аясында террор қаупін жоятынына, босқындардың үйлеріне оралатынына, гуманитарлық мәселелердің шешіміне үлес қосатынына, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететініне сенімдіміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар