Илхам Алиев Ресей президенті Владимир Путинді құттықтады

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Ресей президенттік сайлауында қайтадан жеңіске жеткен Владимир Путинді құттықтады.

932599
Илхам Алиев Ресей президенті Владимир Путинді құттықтады

Алиев Әзірбайжан президенттік аппаратының ресми парақшасында жариялаған құттықтауында Путиннің сайлауда жеңіске жетуінің үлкен саяси абыройға ие екенін және халықтың оның саясатына қолдау бергенін көрсеткенін мәлімдеді.

Әзірбайжан және Ресейдің терең достық пен игі көршілік байланысы бар екі ел екенін атап көрсеткен Алиев құттықтауында «Мемлекеттеріміз арасында ынтымақтастықтың одан мықты негіздерге сүйеніп жетілуі қуантатын жағдай. Әзірбайжан-Ресей арасындағы көп тұсты ынтымақтастықтың жетілуінде сіздің жеке үлесіңізді атап өткім келеді. Әзірбайжан мен Ресей арасында стратегиялық ортақтықтың одан да күшеюі үшін бірге басатын қадамдардың халықтарымыз бен мемлекеттеріміздің мүддесі, аймақтық бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеудің қамтамасыз етілуіне бұдан кейін де үлес қосатынына кәміл сенемін. Құрметті Владимир Владимирович сізге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар