Премьер-министр Бакуге барады

Йылдырым Халықаралық Баку форумына қатысады.

928710
Премьер-министр Бакуге барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Низами Генджеви Халықаралық орталығы тарапынан ұйымдастырылатын 6-шы Жаһандық Баку форумына қатысу мақсатымен ертең Әзірбайжанға барады.

Премьер-министрлік баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, Йылдырым 14-15 наурыз күндері Бакуде болады.

Премьер-министр сапары барысында екі жақты кездесулерге қатысады.  Әзірбайжан президенті Илхам Алиев және Әзірбайжан Ұлттық мәжілісі төрағасы Октай Еседов тарапынан қабылданады. Әзірбайжан премьер-министрі Артур Расизадемен бас қосады.

ТР премьер-министрі биыл «Белсенді қоғам қалыптастыру үшін айырмашылықтарды азайту» деген тақырыппен өткізілетін 6-шы Жаһандық Баку форумының беташарында және «Күш: Ірі күштер мен қалғандары» атты отырыста сөз сөйлейді.

Премьер-министр Йылдырым форумға қатысатын шетелдік басшылармен де кездесу өткізеді,  баспасөз өкілдері және іскерлермен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар