Мевлүт Чавушоғлу президент Алиевтің қабылдауында болды

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Түркия-Әзірбайжан-Пәкістан Сыртқы істер министрлері үштік жиналысына қатысады.

858332
Мевлүт Чавушоғлу президент Алиевтің қабылдауында болды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия-Әзірбайжан-Пәкістан Сыртқы істер министрлері үштік жиналысына қатысу үшін барған Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде президент Илхам Алиев тарапынан қабылданды.

Қабылдау кезінде Алиев Түрік-Әзірбайжан-Пәкістан Сыртқы істер министрлері үштік жиналысының маңызына тоқталып, үш ел арасында жаңа ынтымақтастық механизмінің құрылатынын атап көрсетті.

Түркия және Әзірбайжанның мұның алдында да әртүрлі елдермен үштік ынтымақтастық механизмі құрғанын атап көрсеткен Алиев бұл механизмдердің әрі екі жақты, әрі көп ынтымақтастықты жетілдірген бастамалар екеніне де назар аударды.

Алиев Пәкістанмен де құрылатын үштік ынтымақтастық механизмінің жақсы нәтижелер туғызатынына сенгенін атап көрсетті.

Қабылдауда бір ай бұрын ашылған Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасына назар аударған Чавушоғлу болса «Алда жүзеге асатын Транс-Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы (TANAP) сияқты одан үлкен жобалар да бар. Сіздердің басшылығы арқасында бір жақтан екі жақты ынтымақтастығымызды әр салада жетілдірудеміз, басқа жақтан аймақтың тұрақтылығы және экономикалық өркендеуі үшін Әзірбайжан мен Түркия үлкен рөл атқарады» деді.

Чавушоғлу Грузия, Түрікменстан және Иранмен құрылған үштік механизмдердің аймақ тұрақтылығын одан да күшейтетінін атап, «Қазір болса бауырлас ел Пәкістанды бұл үштік механизмдерге қостық. Экономика, тасымалдау, энергия және қорғаныс өнеркәсібі сияқты салаларда бауырлас Әзірбайжанмен маңызды жобаларды жүзеге асыратынымызға толық сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар