Кеден және сауда министрі Дженап Ашчы Әзірбайжанда

Кеден ведомстволары арасында тәжірибе бөлісу және білім ынтымақтастығын көздеген хаттамаға Бакуде қол қойылды.

386715
Кеден және сауда министрі Дженап Ашчы Әзірбайжанда

Кеден және сауда министрі Дженап Ашчы Әзірбайжанда.


Түркия мен Әзірбайжан арасында кеден ведомстволары арасында тәжірибе бөлісу және білім ынтымақтастығын көздеген хаттамаға Бакуде қол қойылды.


Кеден және сауда министрі Дженап Ашчы шетелге алғашқы сапарын Әзірбайжанға жүзеге асырды.


Бакуде алдымен Гайдар Алиевтің қабіріне, артынан түрік және Әзірбайжан шәйіттіктеріне барған министр Әзірбайжан президенті Илхам Алиев тарапынан қабылданды.


Кездесуде екі ел арасындағы кеден және сауда қатынастары қаралды.


Министр Дженап Ашчының Әзірбайжан Мемлекеттік Кеден комитеті басшысы Айдын Алиевпен кездесуінен кейін екі ел арасында заңсыздықтың алдын алу, білім, техникалық ынтымақтастық және транзит өткелдерде жеңілдік тақырыптарындағы хаттамаға қол қойылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар