Түрік палуан - спорт елшісі

Таха Акгүл чемпион болса әрі Түркияның, әрі Әзірбайжанның байрағын алып шығады.

298262
Түрік палуан - спорт елшісі

Әзірбайжанда болатын Еуропа ойындарының спорт елшісі ретінде Еуропа және Әлем чемпионы атанған түрік палуаны Таха Акгүл сайланды.


12 маусым күні Бакуде басталатын 1-ші Еуропа ойындарында түрік палуан әрі Түркияның, әрі ойындардың символы болады.


Акгүл сонымен бірге Еуропа ойындарын таныстыру мақсатында құрлықта түрлі акцияларға қатысады. Түрік палуан осы атаққа 16 елдің табысты спортшыларының арасынан таңдалды.

Спорт елшісі болып таңдалған спортшылар организацияның қарсаңында және ойындар барысында теледидар экрандарына, жарнамаларға шығады. Таныстыру кітапшаларына суреттері басылады.


Түрік палуан Таха Акгүл егер чемпион болса, әрі Түркияның, әрі Әзірбайжанның байрақтарын ұстап шығатынын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар