"Франция Қарабахта бейтарап болуы керек"

Ле Дриан: "Әзербайжан мен Арменияның біреуіне тарап болсақ, заңды бола алмаймыз" деді.

1508413
"Франция Қарабахта бейтарап болуы керек"

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Таулы Қарабах мәселесінде елінің бейтарап қалуы керектігін айтты.

Жан-Ив Ле Дриан Ұлттық Мәжілісте депутаттардың Таулы Қарабахта болған мәселеде Арменияға қолдау беру керектігі жөніндегі шақыруына байланысты мәлімдемесінде:

"Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының 1994 жылы Ресей, АҚШ және бізге берген билігі Францияның бейтарап қалуын қажет етеді" деді.

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Минск тобының тең төрағалары АҚШ, Ресей және Францияның Таулы Қарабах мәселесінің шешімінде бітімгерлік ролы болғанын айтқан Ле Дриан:

"Әзербайжан мен Арменияның біреуіне тарап болсақ, заңды бола алмаймыз" деді.

Ле Дриан елінің Армениямен "тату екі жақтылы қарым-қатынасты" жалғастырғанын білдіріп, Әзербайжанмен де ұзақ уақыттық қарым-қатынасы бар екенін атап айтты.   



Ұқсас жаңалықтар