Жендет роботтардың қанды әрекеті

Жаһандық перспектива - 28

1010349
Жендет роботтардың қанды әрекеті

Түркияда өмір сүрмейтін азаматтар бақылаудан шыққан роботтардың арнайы вируспен бақыланып,  адамдар мен өздеріне арнайы міндет жүктеген, бұрмаланған тариқаттардың адам баласы үшін қалыптастырған қаупі мен осыған қарсы әлемді құтқару үшін жүргізілген күресті тек фильмдерде көрген болуы керек.

Түркия 2016 жылы 15 шілде күні тап осы оқиғаны бастан кешірді.  Мемлекеттік органдарға дендеп енген, FETÖ деп аталған, фильмдердегі секілді қалыпты уақытта таза болып көрінетін,  алайда вирус немесе бұйрық берілгенде құбыжыққа айналатын, бұрыс жолдағы діни наным мүшелерінің әскери әрекет бастамасын көрді.

    Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.      

Сол түні не болды?

Түрік Қарулы күштері секілді мемлекеттің ең маңызды органдарына дендеп енген Фетуллахшы террор ұйымы мүшелері АҚШ-та тұратын діни басшылары Фетуллах Гүленнен алынған нұсқаумен 2016 жылдың 15 шілде күні Түркияда бүлік шығаруға тырысты. Іштегі жақтаушыларының да қолдауымен кейбір мемлекеттік мекемелерді бақылауға алды. TRT, CNN Türk секілді кейбір телерадио мекемелерін басып алды. Соғыс кезінде де бомбаланбаған Мәжілісті бомбалады.  Сайланған президентті ұстау үшін әскери операция жүргізді. Осы оқиғаларға қарсы Түркияда миллиондаған адам көшеге шықты. Бүкіл Түркия бойынша азаматтардың үстіне роботқа айналғандар оқ жаудырды. Бейбіт халықты және азаматтық мекемелерді әскери ұшақтармен бомбалады. Көшеге шыққан азаматтар танктардың алдын кес-кестеп,  астына жатты.  Қорытынды: бірнеше сағат ішінде жүздеген шейіт,  мыңдаған жаралы...

Бүкіл әлемге демократия сабағы

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруына орай түрік ұлтының демократия мен болашақты құтқару үшін жүргізген күресі фильмдерде кездеспейтін қаһармандық болатын.  Бүкіл Түркиядан миллиондаған адам көшеге шықты. Бейбіт халық мемлекеттік органдар мен әскери мекемелерге жүгірді. Олар бүлікшілер өздеріне оқ жаудырса да,  кері қадам баспады. Сол түні мен де көшеге шықтым. Менің жақын таныстарым, достарым адам баласының мәңгүрттер мен бұрыс жолдағы тариқат мүшелері тарапынан тұтқынға алынбауы үшін жандарын пида қылды.

Түркияда бұдан бұрын да төңкерістер болды.  Бірақ өз халқына тікелей шабуылдаған,  осыншама қанды төңкеріс әрекетін бірінші рет көрді.  Әртүрлі пікірдегі миллиондаған адам төңкеріс әрекетіне қарсы бірнеше апта бойы көшеде болды.  Елін,  болашағын,  абыройын, демократиясын қорғады.  Миллиондаған адам неше апта бойы көшеде тұрса да, ешбір талан-тараж болмады,  ешкім ренжімеді, қиналмады. Түркияда қарапайым азаматтар, бейбіт халық «ең жабайы төңкеріс әрекеті ең демократ және бейбіт түрде қалай тойтарылады?» деген сұраққа жауап берді.

1990 жылдары Тьянанмен алаңында Қытайдың бір жігіті танктардың алдына шыққан еді.  Милары бақылауға алынбағандықтан осы әрекет алдында Қытай әскерлері кері шегінген еді.  Осы батыл қимылды бүкіл әлем медиасы көріп, қошамет көрсеткен еді.  Түркияда болса бұрмаланған діни нанымдары арқылы адам болудан кеткендіктен Фетуллахшы террор ұйымы мүшелері танктармен адамдарды езді.  Бір адамның емес,  бүкіл бір ұлттың батыл тойтарысын болса әлем медиасы елемеді.  Халықаралық қоғам жеткілікті түрде елеп ескермесе де,  осы данқ, осы абырой, осы тойтарысты куә болғандар еш ұмытпайды.

FETÖ деген не?

Фетуллахшы террор ұйымының не екенін халықаралық қоғам әлі жеткілікті білмейді,  өкінішке орай. Фетулахшы террор ұйымы - мүшелерін лидерлеріне бұрыс жолмен тәуелді қылатын, өздерінің бұрмаланған діни нанымдары аясында бір әлем құруды мақсат еткен бір ұйым. Лидерін «таңдалған құтқарушы» деп қабылдайды. Тәуелділері де өздерін таңдалған деп есептейді.  Осы аяда бүкіл әлемді «құтқарамыз» деген сенімге иланады. Осы мақсатпен барлық елдерде,  өңірлерде,  қалаларда,  аудандарда имамдары бар.  Лидерлері Фетуллах Гүлен болса бір елді емес,  бүкіл әлемді құтқаратын «ғаламдық имам» деп қабылданады.  Фетуллахшы террор ұйымы - жаһандық әрекет.

Ұйым өз мүшелерін иландыру үшін ұзын және қиын оқу процесінен өткізеді. Осы процесте мүшелері қоғамнан толығымен алыстатылады.  Арнайы мекендерде,  арнайы рәсімдермен өздері сенетін және өздері білетін бір наным мен әлем жаратады. Осы үрдісте мүшелері өз отбастарынан және қоғамнан, ұлттан, ұлттық құндылықтарынан және бейбітшілік пен тыныштықтың діні Исламның ғасырлар бойы қалыптасқан тұжырымдарынан алыстай бастайды. 1970 жылдары басталған әрекет бір тарих,  дәстүр және өркениет перспективасынан келмегендіктен, сондықтан тамырсыз әрекет болғандықтан мүшелері бір мезгілден кейін өз білгендеріне сеніп, бұрмаланған діни көзқарастарға ие болады. Балалары осы ұйымның мектептерінде оқыған ата-аналар назар салып қараса,  балаларының жайымен отбасынан алыстай бастағанын байқайды.

Осылайша қайта пішінденген соң Фетуллахшы террор ұйымы мүшелері өздерін арнайы, жасырын және қасиетті миссиясы бар адам деп сеніп, осыған илана бастайды. Олардың өте «қасиетті» мақсаттары бар. Осы мақсатқа жету үшін өздеріне берілген ең негізгі бұйрық  - ешқашан өздерін әшкерелемеуі. Барлық жағдайда өздерін жасыру. Өздерін жасыру және мақсаттарына жету үшін барлық әдіс олар үшін «заңды» деп есептеледі. Себебі жасалған барлық істерін заңды қылып көрсететін,  тек өздері білетін және сенетін «қасиетті» мақсаттары бар.  Бұл үшін басқа нанымда,  киімде,  қимылда,  идеологияда көрінуі мүмкін, көрінуге болады.  Әзірет Мәулананың «Яки өзің секілді көрін, яки көрінген секілді бол» деген философиясына керісінше олар ешқашан өздері секілді көрінбейді.  Ниеті бөлек болғандықтан да көрінген секілді де болмайды.

Осы тақырыпты келесі апта жалғастырамыз.



Ұқсас жаңалықтар