Емине Ердоған Аракан мұсылмандарына барды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған және қасындағы делегация аракандық босқындардың Бангладештегі лагеріне бару мақсатымен осы елге жетті.

Емине Ердоған Мьянманың Солтүстік Ракхайн штатындағы гуманитарлық трагедияға назар аудару және жер ауған аракандықтарға Түркияның көмегін білдіру мақсатымен Бангладешке барды.