Түркия Пәкістанға көңіл айтты

ТР Сыртқы істер министрлігі Пәкістандағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады.

2129110
Түркия Пәкістанға көңіл айтты

Түркия Пәкістанның Пенджаб, Белуджистан және Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарында болған су тасқынында қаза тапқандар үшін Пәкістан халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі Пәкістандағы су тасқынына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Пәкістанның Пенджаб, Белуджистан және Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарында орын алған су тасқыны апатында қаза тапқандарға қатты қайғырылғаны көрсетіліп, «Қайтыс болғандарға Алланың рақымын тілейміз және бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз» делінді.

13 сәуір күні Пенджаб, Белуджистан және Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарында басталған нөсер жаңбыр мен найзағай салдарынан 63 адам қаза тапты.

Жаңбырдан туындаған су тасқынынан көптеген үйлер зақымданса, инфрақұрылымға да айтарлықтай зиян келгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар