Түркия Израильге қарсы бірқатар жаңа шара жасауға шешім қабылдады

Фидан Израильге қарсы бірқатар жаңа шара жасауға  шешім қабылдағандарын айтты.

2126143
Түркия Израильге қарсы бірқатар жаңа шара жасауға шешім қабылдады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израильге қарсы бірқатар жаңа шара жасауға шешім қабылдағандарын айтты.

Фидан Сыртқы істер министрлігінде Израильдің Газаға жалғасып жатқан шабуылдары мен Газаға гуманитарлық көмекке байланысты мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрі Фидан Израильдің Түркияның Газаға Иордания арқылы әуе көмегін жіберу туралы өтінішінен бас тартуына байланысты  «Израильдің аштықтан зардап шеккен газалықтарға әуе арқылы көмек жеткізу әрекетімізге тосқауыл қоюына ешқандай сылтау жоқ. Осы жағдайға байланысты біз Израильге қарсы бірқатар жаңа шаралар жасауға шешім қабылдадық» деді.

Фидан президент Режеп Тайып Ердоған бекіткен бұл шаралардың кідіріссіз кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын және тиісті мекемелер тарапынан халықпен бөлісілетініне назар аударды.

Фидан Түркияның Газаға теңіз және әуе арқылы жеткізілуі үшін Мысырға жіберген көмектің 42 мың тоннадан асқанын, бүгінгі күні Түркияның Газаға ең көп көмек жіберген алғашқы 2 елдің бірі екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар