Түркия Армения, АҚШ және Еуропа Одағы жиналысы жайлы көзқарасын білдірді

Түркия бұдан былай Әзербайжан мен Армения арасындағы тұрақты бейбітшілік үшін тарихи мүмкіндікті пайдалануды ынталандыратынын  баяндады.

2125014
Түркия Армения, АҚШ және Еуропа Одағы жиналысы жайлы көзқарасын білдірді

Түркия Армения, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Еуропа Одағы арасында өтетін кездесудің аймақтағы күрделі мәселелерді шешу үшін негіз ретінде алынуы тиіс бейтараптық көзқарасына зиянын тигізетінін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Армения, АҚШ және Еуроодақ арасында 5 сәуір күні Бельгияның астанасы Брюссельде өтетін үш жақты кездесу туралы жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Әзербайжанның 2-ші Қарабах соғысынан кейін (2020 жылдың қарашасы) басып алған жерлерін азат еткені және 19-20 қыркүйекте Қарабахта жүргізілген антитеррорлық операциямен бүкіл ел аумағында егемендігін қалпына келтіру нәтижесінде аймақта тұрақты бейбітшілік үшін тарихи  мүмкікдіктің пайда болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Түркияның бұл мәселеде өз үлесін қосуға әрқашан дайын екені атап көрсетіліп, бұдан былай Әзербайжан мен Армения арасындағы тұрақты бейбітшілік үшін тарихи мүмкіндікті пайдалануды ынталандыратыны  баяндалды.

 



Ұқсас жаңалықтар