Түркия мен Катар жарақат алған палестиналықтардың басын қосты

Түркия мен Катар Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан эвакуацияланған палестиналықтарды Катардың астанасы Дохада кездестірді.

2118411
Түркия мен Катар жарақат алған палестиналықтардың басын қосты

Катар Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Газа секторында жарақат алған  палестиналықтардың Дохадағы туыстарымен қайта кездесуі  үшін Түркиямен ынтымақтастық  жасағаны баяндалды.

Мәлімдемеде Газадан эвакуацияланған жаралылардың бір бөлігінің Түркияда, бір бөлігінің де Дохада емделгені, сондай-ақ Түркияда емдеуі аяқталған жаралылардың Дохаға жеткізіліп, отбасымен қауыштырылғаны баяндалды.

Катардың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік министрі Лулва әл-Хатир Катардың «QNA ресми ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемесінде жараланған палестиналықтардың Дохадағы туыстарымен қайта қосылуы жайлы ынтымақтастық жасағаны  үшін Түркияға алғыс айтып, ризашылығынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар