"Газа сынағынан өте алмадық"

Президент Ердоған «Ескі достар ауызашарына» қатысты.

2116532
"Газа сынағынан өте алмадық"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Халықаралық мекемелер мен ұйымдар Газада сынақтан өте алмады. Ислам әлемінің де бұл үдерісте жақсы сынақ бермегенін мойындайық» деді.

Стамбулда ұйымдастырылған «Ескі достар ауызашарына» қатысқан президент Ердоған сөйлеген сөзінде Израиль 7 қазаннан бері шабуылдарын жалғастырған Газада соңғы ғасырдың ең қатыгез геноцидтерінің бірі болып жатқанын және халықаралық ұйымдардың тағы бір рет сынақтан өте алмағанын айтты.

«Израильді қырғындарын жүзеге асыру үшін оқ-дәрімен қамтамасыз еткен батыс елдерінің екіжүзділігі Газаны әлемдегі ең үлкен бала мен әйел зиратына айналдырды»  деді Ердоған.

«Айта кетейік, Ислам әлемі де сынақтан жақсы өтпеді. Мұсылмандар ретінде біз міндетті түрде осының есебін беруіміз керек» деді ол.

Түркияның газалық бауырларына бар мүмкіндігімен қолдау көрсеткенін білдірген Президент Газаға 40 мың тоннадан асқан гуманитарлық көмекті арттыра беретінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар