Ердоған  Зардариді Пәкістан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістан президенті Асиф Али Зардариді президент болып сайлануымен құттықтады.

2114576
Ердоған  Зардариді Пәкістан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Асиф Али Зардаримен телефон арқылы сөйлесті.

Зардариді президент болып сайлануымен құттықтаған Ердоған әңгімеде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың әр салада дамитынын айтып, жаңа дәуірдің Пәкістан үшін пайдалы болатынына үміт білдірді.

Жалпы сайлау кезеңінде Пәкістанда болған террор шабуылдарын айыптаған Ердоған Түркияның террормен күресте Пәкістанның жанында болуын жалғастыратынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар