Ердоған партиясының Анталиядағы митингінде сөз сөйледі

Президент Ердоған туризмі, ауылшаруашылығы және саудасымен көзге түскен Анталияның әлемдік дипломатияның жұлдыздарының біріне айналғанын түсіндірді.

2110078
Ердоған партиясының Анталиядағы митингінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған  «Біз елімізді саясатымен, дипломатиясымен, өнеркәсібімен, технологиясымен, ауылшаруашылығымен және туризмімен әлемнің жоғарғы деңгейіне жеткізгендей «Түркия ғасыры» арқылы Түркияны әлем шыңына  шығарамыз» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Анталиядағы митингінде сөз сөйледі.

Туризмі, ауылшаруашылығы және саудасымен көзге түскен Анталияның әлемдік дипломатияның жұлдыздарының біріне айналғанын түсіндірген Ердоған кеше басталған 3-ші Анталия дипломатиялық форумының да осы өрлеудің бір белгісі екенін білдірді.

Президент Ердоған «Өткен жылы Түркия 4,5 пайыз өссе, ұлттық табысымыз 1,1 триллионнан және жан басына шаққандағы ұлттық табысымыз 13 доллардан асты. Мықты саясаттың арқасында біз жыл сайын жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және туризм бойынша жаңа рекордтарды жаңартып, жолымызды жалғастырамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар