Жаңа сериалдың алғашқы көрсетілімі Стамбулда өтті

Алғашқы көрсетілімге Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы  Фахреттин Алтун қатысты.

2108556
Жаңа сериалдың алғашқы көрсетілімі Стамбулда өтті

Түркия Радио Теледидар (ТРТ) корпорациясының үміт артар сериалы “Мехмет: Фетихлер Сұлтанының” алғашқы көрсетілімі өтті.

 Стамбулда өткен алғашқы көрсетілімге Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы  Фахреттин Алтун қатысты.

Алтун бұл сериалдың түрік брендінің асқақтауына елеулі үлес қосатынына сенім артып отыр. "Мехмет: Фетихлер Сұлтаны» сериалы -түрік брендін халықаралық деңгейде дамытатын туынды. Бұл біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың өркендеу дәуірін бейнелейтін сериал. Онда Фатих Сұлтан Мехмет пен Фатих Сұлтан Мехметтің ел үшін жасаған ерліктері, әсіресе Стамбулды жеңіп алу оқиғасы көрсетіледі. Бұл серия негізінен Фатих Сұлтан Мехметтің Осман Империясын дамыған мемлекетке айналдырған билеуші болғанын бейнелейді " деді өз сөзінде Фахреттин Алтун.

Соңғы 3 жылда әлемдік аренада түрік сералдарына деген сұраныс 183%-ға артты. Бүгінде 1 миллиардқа жуық адамның түрік сериалдарын қарайтынын айтқан Алтун “Бұл сериал біздің мәдени отаралау жүйесіне, жаһандық империализмге, мәдениеттің құлдырау әрекетіне қарсы тұру болып табылады” деді.

Коммуникация басқармасының төрағасы  жобаны жүзеге асыруда үлкен инвестициялар мен күш-жігер жұмсалғанын айтты. Сонымен қатар осы жобаға еңбегі сіңген барлық әріптестеріне, ТРТ-ға алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар