​​​​​​​Ердоған Құқық және бостандық қозғалысының құрылтайы үшін бейне жолдама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Құқық және бостан қозғалысының Түркия-Болгария ынтымақтастығына үлес қосқанын айтты.

2106853
​​​​​​​Ердоған Құқық және бостандық қозғалысының құрылтайы үшін бейне жолдама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Болгария Құқық және бостандық қозғалысының конгресіне арнаған бейне үндеуінде Түркияда 31 наурызда жергілікті басқару органдарының жалпы сайлауы өтетінін еске салды.

Ердоған «Науқан кезінде біз өте қарбалас қарқындамыз. Мен сіздермен бірге бола алмасам да, менің жүрегім сіздермен бірге екенін білесіздер. Құдайдан әрқашан арамыздағы ынтымақ болуын тілеймін» деді.

Болгарияның Түркия үшін өте құнды одақтас және сенімді дос екенін түсіндірген Ердоған «Түрлі қиындықтармен бетпе-бет келген кезеңде Түркия-Болгария қарым-қатынастарының ілгерілеуіне ерекше мән береміз. Болгариямен қарым-қатынасымызды әр салада жақсартуға тырысамыз. Бұл біздің ортақ мүддемізге сай деп есептейміз. Әрине бұл үдерісте біздің отандастарымыз екі мемлекет арасында орнатқан берік адами көпірлердің арқасында маңызды рөл атқаруда» деп көрсетті.

Президент Ердоған қозғалыстың Болгария үшін маңызына тоқталып, сөзін былайша жалғастырды: «Құқық және бостандықтар қозғалысының Болгария саясаты мен демократиясының құрылыс блоктарының біріне айналғанына қуаныштымыз. Қозғалыс Түркия-Болгария ынтымақтастығына үлес қосуда. Отандастарымыздың мүдделерін қорғауда айтарлықтай табысқа жетті. Жаңадан сайланған кадрлар бұл түсіністікпен бірлік пен ынтымақта болатындарына және сайлаушылардың үмітін бірінші орынға қоятындарына сенемін».

Құқық және бостандық қозғалысының құрылтайына шақырғаны үшін алғыс айтқан  президент Ердоған «Болгарияда тұратын барлық отандастарымызға, Құқық және бостандық қозғалысының барлық мүшелеріне және болгар достарымызға сәлем жолдаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар