Ұлттық барлау ұйымы Сирияда операция жасады

ҰБҰ-ның операциясында 1 террорист залалсыздандырылды.

2105971
Ұлттық барлау ұйымы Сирияда операция жасады

Сирияның Камышлы аймағында Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) жасаған операцияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің басшыларының бірі Мурат Атеш залалсыздандырылды.

Қауіпсіздік дереккөздерге қарағанда ұзақ уақыт бойы ҰБҰ тағайындаған арнайы топтың жіті бақылауында болған террорист «Ренас Амед» лақапты Мурат Атешті залалсыздандыру үшін өте нәзік барлау жұмысы жүргізілді.

Террорист Атеш Сирияның Камышлы қаласында жасалған бір операциямен өлтірілді.

2014 жылы террор ұйымы PKK-ның қатарына Еуропадан қосылған террорист Атеш 2014-2016 жылдар аралығында Ирак пен Сирияның Кандил, Авашин және Гара аймақтарында қарулы шабуылдарға қатысты.

Террорист Атеш ұйымның заңсыз ақша айналымын басқарған террористтер тізімінде орын алатын.



Ұқсас жаңалықтар