Соңғы 1 аптада 60 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі терроризммен күреске қатысты ақпарат жариялады.

2106102
Соңғы 1 аптада 60 террорист залалсыздандырылды

Шекарадан тыс операцияларда соңғы бір аптада 60 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі терроризммен күреске қатысты ақпарат жариялады. Осыған қарағанда Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операцияларда соңғы бір аптада 60 террористтің көзі құртылды.

1 қаңтар күнінен бері Ирактың солтүстігінде 184, Сирияның солтүстігінде 274, барлығы 458 террорист залалсыздандырылды.

Ирактың солтүстігінде 2022 жылдың 20 қараша күні басталған «Пенче-килит» операциялық аймағында бүгінге дейін 824 террорист жойылды.

Сирияда тұрақтылықты мүмкіндігінше тез қалыптастыру, сириялықтардың қауіпсіз оралуы және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар жалғасуда.

Соңғы бір аптада шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 201 адам ұсталды.

Осылайша 1 қаңтар күнінен бері шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандар саны 1 мың 347-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар