Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкенмен кездесті

Хакан Фидан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

2105748
Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкенмен кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен  Газа секторында тез арада түбегейлі түрде  атысты тоқтату үшін жасалуы мүмкін қадамдарды талқылады.

Хакан Фидан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

Кездесуде Газа секторында түбегейлі атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланды.

Ресей-Украина соғысы, НАТО-ның кеңею процесі, Әзербайжан-Армения бейбітшілік үдерісі және басқа да аймақтық оқиғалар талқыланған кездесуде алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоғары деңгейдегі сапарлар күн тізбесі  талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар