Саясаткер Малкольм Икс еске алынды

Нуман Куртулмуш АҚШ-та нәсілшілдікпен күрестің символдық тұлғаларының бірі мұсылман белсендісі Малкольм Иксті еске алды.

2105470
Саясаткер Малкольм Икс еске алынды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Нуман Куртулмуш Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) нәсілшілдікпен күрестің символдық тұлғаларының бірі мұсылман белсендісі Малкольм Иксті еске алды.

Куртулмуш әлеуметтік медиа аккаунтында бөліскен хабарламасында «Жақсы қара нәсілді немесе жақсы ақ нәсілді деген ұғым жоқ. Жақсы адам немесе жаман адамдар бар. Абыройлы өмірімен және нәсілшілдікке қарсы азаттық, теңдік және әділеттілік жолындағы күресімен ұрпақтар мен ғасырларға үлгі болған Малкольм Иксті дүниеден озған жылдығына орай еске аламын. Жаны жәннатта болсын» деді.

Саясаткер және құқық қорғаушы Малкольм Икс 1965 жылы 21 ақпанда АҚШ-тың Гарлем қаласындағы залда сөз сөйлеп жатқанда, оған жақындаған үш адамның мылтықтарынан атылған 15 оқтың нысанасы болды. Ауруханаға жатқызылған Малкольм Иксті құтқару мүмкін болмай, 39 жасында қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар