Ұлттық Қорғаныс министрі Брюссельде

Ол НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысады.

2102503
Ұлттық Қорғаныс министрі Брюссельде

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысу мақсатымен Брюссельге аттанып кетті.

Министрлік баспасөз қызметі Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Араб Әмірліктері және Мысыр сапарларына қатысқан Гүлердің Мысырдағы сапар аяқталғаннан кейін Брюссельге аттанып кеткенін хабарлады.

Хабарламаға қарағанда, Яшар Гүлер НАТО Қорғаныс министрлері жиналысындағы отырыстарға қатысады және кейбір әріптестерімен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар